Соңғы жазбалар

Қазақ халқының Батыс Моңғолия жеріне қоныстану тарихы
Шежіре

Қазақ халқының Батыс Моңғолия жеріне қоныстану тарихы

Тарихшылардың ортақ пікірлері Моңғолиядағы қазақ диаспросының қалыптасуын 2 үлкен кезең деп қарайды. Бірінші кезең – 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан ХІХ ғасырдың 70-жылдар аралығы болса, екінші кезең – ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарынан ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі ара-лығы. Алайда, бірінші кезең аралығында абақ керейдің жекелеген рулары Батыс Моңғолия жеріне барып мекендегені болмаса, нақты […]

Батыр баба рухына арналған ақындар жырлары
Руханият

Батыр баба рухына арналған ақындар жырлары

«Батырлардың өмірі батып бара жатқан күнмен тең». Осы сөздің растығын дәлелдеудің қажеті жоқ болар. Батырлар халқына жаңа күн, жарқын күн шығарып, арайлы шуағын шашу үшін өмірлерін тәуекелге байлап, өлімге тігеді. Өйткені, олар үшін өлім қорқынышты емес, жұртының, болашақ ұрпағының өмірі қымбат. Осындай мәңгілік ерлік мүддені ту қылып ұстаған ұлы тұлғаның […]

Қуандық батырдың оқалы тоны
Бейнематериалдар

Қуандық батырдың оқалы тоны

Тарихи деректерге қарағанда,  Қуандық батыр Алтай өңірінде 1727-1816 жылдар аралығында  өмір сүрген. Аумалы-төкпелі нәубет заманда батырдың елін-жерін қорғау жолында көрсеткен ерлігіне дән риза болған 12 Абақ керей елі оның иығына осы оқалы тонды жауыпты. Қасиетті мұраны қазақтың қолынан өнер тамған 13 шебер әйел 90 күн ішінде тігіп шыққан екен. Оқалы […]

ТҰРСЫНХАН ЗӘКЕНҰЛЫ: ЕРЛІ ЗАЙЫПТЫ ЕКЕУ.
Руханият

ТҰРСЫНХАН ЗӘКЕНҰЛЫ: ЕРЛІ ЗАЙЫПТЫ ЕКЕУ.

Әлен Жеңісханұлы – Шыңжаң қазақтарының, соның ішінде Алтай қазақтарының тарихындағы айтулы тұлға. Оның кім екенін білу үшін сөзді арғы ата-бабасынан бастаған жөн. Арғы атасы – атақты Әбілпейіз хан. Әбілпейіздің 8 ұлы болған дейді. Соның бірі Көгедайдан Әленге дейінгі ұрпақ және билік жалғастырғандар: Көгедай Әбілпейізұлы (1785-1823), Ажы (Әділғазы) Көгедайұлы (1823-1868), Қасымхан […]

Зауытбек Тұрысбеков: Елге келген бауырларымыздың жағдайын жөндесек деген ниетпен біраз жұмыс жасап жатырмыз
Жаңалықтар

Зауытбек Тұрысбеков: Елге келген бауырларымыздың жағдайын жөндесек деген ниетпен біраз жұмыс жасап жатырмыз

Шетелдегі 1 млн қазақ тарихи Отанына қайтуға ниет танытып отыр. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шетте жүрген қазақтар 4-5 млн. деп жүрміз. Біз барлығын аралап шықтық. 1 млн адам елге келеміз деп […]

Сұлубайдың әні
Бейнематериалдар

Сұлубайдың әні

Сұлубай Сәпиұлы (1907-1944) Абақ Керей – Жәнтекейдің Тасбике руынан. Алтай қаласының Шірікши аулында туған. Сұлубайдың өз кіндігінен Мағила, Зағила атты екі қыз. Зағила Баркөл ауданында әлі бар. Ағасы Байбол мен інісі Көңбайдың балалары Шонжы мен Шіңгіл аудандарында тұрады. Ұлт-азаттық қозғалысының зұлымдыққа қарсы атой-шылдарының бірі болған Сұлубай 1944 жылы “Алтай төңкерістік […]

Қытайдың Қидан атын жамылғаны қалай немесе қидандар қайда кетті?
Шежіре

Қытайдың Қидан атын жамылғаны қалай немесе қидандар қайда кетті?

Қидандар орта ғасырда Орталық Азия тарихында айтарлықтай із қалдырған халық.  Тегі жағынан Дұңхудан тарайтын Алтай текті, моңғол тілдес, негізінен аңшылықты кәсіп еткен халық. Мекені қазіргі Қытайдағы Ішкі Моңғол провинциясының шығысы мен одан шығысқа қарайғы жерлер. Күлтегін, Білге қаған бітіктасында «қытан» деп жазылған. Этимология Қидан- қытай иероглифінде 契丹(qidan яғни чидан)деп жазылған, […]

АЛТАЙ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
Руханият

АЛТАЙ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

     «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» Алтай, Алтай тау жүйесі – Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан […]

Ағажай Алтай
Бейнематериалдар

Ағажай Алтай

Бұл әннің тарихына келер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында шыққан деген мәліметтер бар. Әннің шығу тарихы өте арыда болуы да мүмкін.  Бұл – көп бұрмалауға ұшыраған ән, сөзі бірнеше рет өзгерген.  Кейбір деректерде өр Алтайдан ұзатылып, алыс жерге кеткен қыздың ағасы іздеп келгенде, қарындасы ағасын құшақтап, көрісіп айтқан әні делінеді. 1952 жылы Көктоғай […]

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ЖАСАП КЕТКЕН ТАРИХЫН ӨЗІНЕ ҚАЙТАРУЫМЫЗ КЕРЕК
Шежіре

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ЖАСАП КЕТКЕН ТАРИХЫН ӨЗІНЕ ҚАЙТАРУЫМЫЗ КЕРЕК

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көргені көпке аян. Тарихи тақырыпты қозғаған мақалаға қатысты белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлымен әңгімелескен едік. Мархабат! – Қаржаубай аға, әңгімемізді кеше ғана жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан бастасақ. Тарихи тұжырымдама турасында қазір қоғамда […]