Соңғы жазбалар

Жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтт
Жаңалықтар

Жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтт

Қазақстан жазушылар одағы басқармасы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылыдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция 21 желтоқсан сағат 15:00 де қазақстан жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде өтті. Бұл жолғы еске алу кешінің басты ерекшелігі жазушының шығармашылығына қоса, қазақ әдебиетінің де өзекті мәселелері талқыланды. Сондықтан да конференция атауы […]

Уатқан СӘЙПІЛҰЛЫ, жапонтанушы: Пара ұсынатын қоғамда жапонның жүрегі шыдамайды
Руханият

Уатқан СӘЙПІЛҰЛЫ, жапонтанушы: Пара ұсынатын қоғамда жапонның жүрегі шыдамайды

Уатқан Сәйпілұлы — 1958 жылы Қытайдың Мори Қазақ автономиялы ауданында туған. Жапонияға Қытайдағы қазақтар арасынан алғаш барып, медицина ғылымдарының докторы атағын қорғаған азамат. Сондай-ақ, Жапонияның Тей Кио университетінде он жылдай дәріс берген білікті ұстаз. Жапон жерінде ұзақ жыл жүріп, жергілікті халықтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына қаныққан ғалыммен өткізген әңгімемізді оқырман назарына […]

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Алтайдың ақиығы
Руханият

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: Алтайдың ақиығы

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтайдың ақиығы   Өзге кәсіпке өресі жетпей, қолтығы кең қара сөзден қоныс тапқан, сөйтіп, «ерінбеген етікші болады» деген ұстаныммен жазушы атанып, әдебиетте қара көбейтіп жүрген көп жазғыштардан басқа, сол әдебиет үшін жаралған, мына жарық дүниеге белгілі бір миссия атқару үшін келген, ат төбеліндей […]

Хабарландыру!
Жаңалықтар

Хабарландыру!

2015 жылдың 21 желтоқсаны сағат 15:00 де  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы мен “Ер Жәнібек” Халықаралық қоғамдық қоры бірлесе отырып көрнекті жазушы Ж.Сәмитұлының 75 жылдығына арналған “Бүгінгі Қазақ прзасының өзекті мәселелері” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Кеште танымал әдебиетші ғалымдар мен ақын жазушылар және өнер майталмандары қатысады. Келем деушілерге есік ашық. Қазақстан […]

ЖАҚСЫЛЫҚ СӘМИТҰЛЫ (деректі фильм)
Әдебиет

ЖАҚСЫЛЫҚ СӘМИТҰЛЫ (деректі фильм)

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы.

Қанат Қабікенұлы: Сармат заңы
Әдебиет

Қанат Қабікенұлы: Сармат заңы

  Ақ бұлттардың атызын жыртып ай соқасы аттанып барады. Ат тұяғынан шаршаған батыр таулар бастарын түйістіріп, ұзақ-ұзақ ұйқыға кеткен. Ал төменде арқасын алтын күреңге сипатып Днепр ағып жатыр. Сарматтардың батыр ұлы Томурул Днепрге қою көлеңкесін құлатқан қарт жартастың қабағында Грейкесті ұзақ күтті. Грейкес тайпа ақсақалы Агиданың сұлу қызы болатын. Грейкестің […]

Есет батыр мен Тұрсынбай батыр
Шежіре

Есет батыр мен Тұрсынбай батыр

Есет батыр Қожабергенұлы 1688 жылы Жамбыл ауданындағы Гүлтөбе жерiнде туған. 1772 жылы Түмен облысы Есет ауданында қайтыс болған. Есет – Қожаберген жыраудың төртiншi баласы. Самарқанд медресесiн бiтiрген. Қазақ­қалмақ соғысында қол бастаған батыр болады. Есет татар, башқұрт, қазақтардың бiрiккен қолын басқарады. Есет батырдың ерлiгi жайлы Дәстем сал, Жанкiсi, Тәтiқара, Үмбетей, Жанақ, […]

Шетелдегі қазақ жастарының халықаралық өнер фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Руханият

Шетелдегі қазақ жастарының халықаралық өнер фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Шет елдегі қазақтардың халықаралық өнер фестивалі басталды. Фестивальге қатысушылар өнердің үш түрі бойынша іріктеу кезеңінен өтті.  Атап айтқанда, шетелден келген 14 қазақ ақыны жыр мүшәйрасына қатысса, термешілер […]

Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт
Әдебиет

Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт

Анда-санда ат тұмсығының арқан бойы алдынан пыр-пыр бөдене ұшады. Басқа дүние тып-тыныш. Орталанып қалған момақан ай Сеңгірдің тақымындағы шашақты найзаның көкаяз жүзінде діріл қағады. Сау желген құр аттардың құйрық ұшы жентек-жентек топырық, жосылған із. Көделі жердің көбесін сөге дүбірлеткеннің бірі – Байшағыр. Мойынында сала құлаш садақ, арқасында жылан тілді жебе […]

МҰХТАР МАҒАУИН. АБАЙДЫҢ БЕЛГІСІЗ ӘҢГІМЕСІ
Руханият

МҰХТАР МАҒАУИН. АБАЙДЫҢ БЕЛГІСІЗ ӘҢГІМЕСІ

Қазақтың қасиетін тану — Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу — Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай — қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі — халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар. Университет қабырғасында дәрісін тыңдап жүрген кезімізде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзінің: «Менің тілімде Абай тілінің мәдениеті бар», — […]