Жаңалықтар

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының солтүстік өңір орталығы ашылды.

Биылғы жылы Оспан батырдың 120 жылдық мерей тойына байланысты «Ер Жәнібек» атындағы халқаралық, қоғамдық қорының жыл басынан бері атқарып жатқан бірқатар шараларының бірі ретінде еліміздің бас қаласы Нұр – Сұлтан қаласында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының солтүстік өңір орталығы ашылған болатын.

Маусым айының 22 күні Елордамызда қор бөлімшесінің арнайы ашылу салты болып өтті. Игі істің басталуына «Ер Жәнібек» қорының вице президенті Толқын Ақанұлы себепкер болып, Солтүстік бөлімшенің қасынан Сегіз Сері бабамыздың атында  музыка, өнер – білім орталығы да ашылды.

Кештің ашылу салтанатында «Ер Жәнібек» қорының президенті Жеңіс Түркияұлы, вице президент Толқын Ақанұлы,Тарих ғылымының кандидаты Қаржаубай Сартқожаұлы, Елімізге еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Нұрлан өнербаев, Марат Ілиясов, ақын Дәулеткерей Кәпұлы қатарлы азаматтар ашылу сөзін сөйлеп, жаңа мекеменің тұсауын кесті.

Алдағы уақытта «Ер Жәнібек» атындағы халқаралық, қоғамдық қоры бұдан бөлек бірнеше шаралар ұйымдастырып, жылдың соңын Оспан батырдың 120 жылдығына арналған ұлы дүбір ас, ақындар айтысы және Батыр атындағы мешттің ашылуымен қортындылауды жоспарлап отыр.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*