Кітапхана

“Аспантау асқан үркін көш” кітабінің тұсаукесері өтеді

Бүгін 11 наурыз күні (сағат: 19:00 де ) Алматы қаласындағы “Меломан гранд” кітап дүкенінде “Аспантау асқан үркін көш” кітабінің тұсаукесері өтеді.

Шараға ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, кино және театр актері, кинорежиссер Досқан Жолжақсынов, жазушы Қабдеш Жұмаділов, саясаттанушы Айдос Сарым қатысады.

Кітап алғаш рет 1956 жылы Лондонда жарық көрді. 1940-жылдардың соңына қарай коммунистердің билігіне төзгісі келмеген 20 мың қазақ отбасылары Шыңжаң аймағын тастап кетуге мәжбүр болды. Олар жолда қытай отрядтары мен тибеттіктермен шайқасты, шөл мен биік таулардан асты. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана аман қалып, азаттыққа жетті. Кітапты жазған Годфри Лайас аман қалған қазақтармен 1954 жылы, яғни олар Ыстанбұлға жеткен соң бірер айдан кейін кездесті. Ағылшын тарихшысының еңбегі Шыңжаң қазақтарының коммунистер режиміне қарсы күресі және олардың азапты көші тақырыбында жарияланған алғашқы кітап. Кітапта қазақтың тұрмысы, олардың күрес жүргізу стратегиясы жайында тың деректер көп кездеседі, сонымен қатар бұл еңбекте азаттық жолында басынан кешкен қиыншылықтары суреттеледі.

Кітапты қазақ және орыс тілдеріне бірнеше бестселлердің авторы, AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай аударды.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*