Жаңалықтар

Марал Баба Құрманұлы атындағы тоғызқұмалақ ойынынан облыстық турнир өткізілді.

Тоғызқұмалақ ойынынан Марал Баба Құрманұлы атындағы жыл сайын өткізілетін облыстық ашық турнир 

SAM_0422 (1)Ұлттық спортымыздың ішінде жасөспірімдердің ойлау, есептеу қабілетін дамытуда тоғызқұмалақ ойынының атқаратын рөлі өте зор. «Марал Баба» қоры мен Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 12-15 желтоқсан аралығында Қармақшы аудандық оқушылар үйінде Марал Баба Құрманұлы атындағы тоғызқұмалақ ойынынан облыстық турнир өткізілді.

Жарысқа облыс көлеміндегі Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан барлығы 108 спортшы қатысты.

Ер балалар ішіндегі жеңімпаздар:

9 жасқа дейін:

Д.Тұрлыбек (Қазалы), Б.Қошқаров (Қызылорда), Е.Ертай (Шиелі);

11 жасқа дейін:

Б.Айтмаханов (Қызылорда) Д.Денеев (Қызылорда) Б.Қуанышбек (Шиелі);

14 жасқа дейін:

Қ.Серікбаев (Байқоңыр) М.Әлжанов (Қармақшы) А.Қаппаров (Байқоңыр).

SAM_0388

Қыз балалар ішіндегі жеңімпаздар:

9 жасқа дейін:

Н.Ғаниқызы (Қызылорда) Ж.Мұнайтпасова (Қызылорда) А.Садықбекова (Шиелі);

11 жасқа дейін:

Ж.Садықбек (Қызылорда) Б.Айжарық (Қызылорда) Н.Смат (Сырдария);

14 жасқа дейін:

Г.Жұмағұлова (Қармақшы) Г.Әбілбаева (Қармақшы) А.Амангелдиева (Қармақшы).

SAM_0385 SAM_0408

Жарыс жеңімпаздарына Марал Баба ұрпақтары С. Қауысов,                    Г. Бөлтірікова мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н. Мырзабеков «Марал баба» қорының дипломдарын және бағалы сыйлықтар табыстады.

М. Омаров


1 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*