Жаңалықтар

Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Ескишехир қаласында өтіп жатқан Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында ТҮРКСОЙ  халықаралық ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасейнов пен Ески-шехир губернаторы Гюнгор Азим Туна қазақ жазушысы Төлен Әбдікке мәртебелі атақты салтанатты түрде табыстады.

Қазіргі таңда қаламгердің шығармалары  13-тен астам түбі бір туыс елдердің тілдеріне аударылып, кеңінен таралып жатыр. Сондай-ақ, құрылтайға қатысушы түркі мемлекетінің жазушылары ортақ әдеби құндылықтарды насихаттаудың маңызды жолдарын қарастырды. Жиын соңында Түрік кеңесіне мүше елдердің «Жазушылар одағын» құру туралы шешім қабылданды.

Төлен Әбдік, Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:
– Менің шығармашылығымды қолдап, 2013-жылы Түрік дүниесі әдебиетінің «Жыл адамы» деп хабарлап, менің шығармаларымды барлық түрік тілдеріне аударып халыққа таныстырып жатқан қаламдас әріптестеріме мың да бір рахмет айтқым келеді. 

Якуп Омероглы, Еуразия жазушылар одағының төрағасы:
– Бұл жерге Түрік кеңесіне мүше мемлекеттерінің Жазушылар одағы Түркі әлемі жазушылар одағын құрайды. Бұл ұйым түрік халықтарының әдебиеті мен мәдениетін жақындастыруға үлкен қызмет көрсетеді деп ойлаймыз.  

“Хабар”


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*