Кітапхана

Ер Жәнібектің арманы тәуелсіздік дәуірінде жүзеге асты

Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойын өткізуде ағайын бірліктің, ынтымақтастықтың  белгісін көрсете алды. Бұл бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

0240

«Жыл басында Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық  мерейтойлық бағдарламасының жоспарымен таныстырып едік.  2009 жылы Ел Жәнібектің ескерткіші ашылған кезде, ол жалғыз керейдің емес бүкіл қазақтың хас батыры деп айтқан едім. Ер Жәнібектің Абылай ханға айтқан  елімді жат қылмайын деген сөзі бар екен. Тәуелсіздік алып, Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін оның сол арманы орындалып жатыр десем артық айтқаным емес», – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының 1-орынбасары Талғат Мамашев.

0019

0022

0023

Елдің ұлы қайраткерлерін ұлықтауда Үкіметке алақан жайып отырмай, ұйымшылдық танытқан ағайынның бірлесіп іске асырып жатқан бұл ынытмақты істері үлгі-өнеге бола алады. Жалпы өр Алтайдан атажұртқа аттың басын бұрып, ағайындар көшіп келіп жатыр. Алдағы уақытта да келе береді. Қабдеш Жұмаділов ағамыздың әйгілі «Соңғы көші»  ертерек жазылып қойған  секілді. Енді керейдің көшінің атажұртқа қосылуына арналған «Ақырғы көш» деген жаңа роман жазылу керек.

0040

0036

0034

 

qazaq-alemi.kz

Теги: , , , , , ,

1 пікір

  1. Nurbolat Serik uly says:

    ALLA razy bolsin sizderge!!! bul kitaptardy kalay tauip okuga bolady? kashan kitap dukenderine tuse bastaidi?

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*