Шежіре

Керей Барақ батырдың күмбезі қайта жаңартылды.

Тарихта  Барақ есімді ұлы тұлғалардың біразының есімі аталады. олар: 

  1. Әз Барақ – Ақ Орданың ханы Барақтың ең үлкені, әйгілі Жиренше шешеннің бабасы.
  2. Самарқан ханы Наурыз Ахмет Барақ – Шайбани тұқымы.
  3. ХV ғасырда өткен Шыңғыс хан шөбересі – Барақ.
  4. Әбілқайырды өлтірген (Тұрсын, Тоғым – Шығай тұқымы) – Барақ.
  5. Абылайдың Тоқтаханым тоқалынан туған Сұйық сұлтанның ұлы – Барақ.
  6. Солтыбайұлы Барақ.
  7. Найманның көкжарлы руынан шыққан Шүрекұлы, Көкжарлы Көкжал Барақ.
  8. Жәнібектің әкесі, Моғолстанның сұлтаны болған (1428 жылы) Махмұт – Барақ, т.б.  

Осылармен қатар аталып, кейінгі кезде тарихи деректер арқылы зерттеліп, ел назарына ұсынылып жатқан тұлғаның бірі керейдің Жәнтекей руының Сүйіншәлі табынан шыққан Барақ батыр. Үш Жәнтекей атанған – Сүйінбай, Сүйіншәлі, Сүйіндік болса, Сүйіншәліден – Қожамжар, Секел, Көбек, Барақ туады. Сүйіншәліні көп деректерде «Шүйіншәлі» деп атап кеткен.

Барақ батыр (1650-1740) Сүйіншәлінің кенжесі, Керей елінің Жәнібек Бердәулетұлынан бұрынғы әйгілі абыз-ақсақал, дана билерінің бірі болған. Жәнтекейдің ұраны болған Сәменбет батырмен тетелес іні ретінде бірге өмір сүріп, Абақ-Керей елінің келелі істерін басқарып әділдігімен аты шыққан адам.

Батыр бабамыздың жатқан жері Нұр-сұлтан қаласы маңындағы Қоянды елді мекенінен жирма шақырым жерген орналасқан. жақынғы жылдардан бері ел іші-сіртында жазылған тарихи деректер негізінде дәледденіп, ұрпақтары ұлықтап жатқан баба зиратына биылғы жылдан бастап бұрынғы сұлбасы негізінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіле бастады.

Алдымен баба зиратының басына тас орнатылып онда: «Барақ Сүйінішәліұлы (1650-1740) Абақ Керей Жәнтекей руы тарихында саналы ғұмырының ақыр соңына дейін елін қорғаған батыр, көш бастаған би, сөз бастаған шешен, алты алашқа аты аян бабамыздың рухын еске алымыз» делінген. қорымның маңайында тағыда бірнеше көне зираттар орналасқан. батыр ұрпақтары соның бәрін сыртынан қоршап, Баба күмбезінің сыртын кірпішпен қаптап, үстіне күмбез орнату жұмыстарын істеп жатыр.

Осы орайда батыр есімінің қайта жаңғырып, ұрпақтарымен қауышуына үлкен септігін тигізген, өз кітабында арнайы атап өтіп, сол арқылы бабаны ұрпақтарымен қайта қауыштырған Мұрат Нұрақышев ағамызға алғыс айтамыз.

 

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*