Articles written by: erjanibek

АЛТАЙДА ҚАНША ҚАР БАРЫСЫ БАР?
Жаңалықтар

АЛТАЙДА ҚАНША ҚАР БАРЫСЫ БАР?

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өзен-көлі, кең даласы, орман-тауы астасып жатқан ұлан-ғайыр өңіріміздің ерекше қорғалатын аймақтарында тұмса табиғатты, жан-жануарларды қорғау, көбейту бағытында табиғат қорғау мекемелерінің атқарып жатқан іс-шаралары мен жеткен жетістіктері баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Шығыстағы мемлекеттік орман қорының ауданы 3 млн. 840 мың гектарды құрайды. Республикадағы орман қорының жартысынан […]

Қытайдағы қандасымыз Баян Жалынқызы Бейжің Олимпиадасында бақ сынайды
Жаңалықтар

Қытайдағы қандасымыз Баян Жалынқызы Бейжің Олимпиадасында бақ сынайды

Қандасымыз Баян Жалынқызы Бейжің қысқы Олимпиадасында бақ сынайды – Шыңжан газеті. Шаңғы спорты түрлері бойынша Қытай ұлттық құрамасына қабылданған Баян Жалынқызы Бейжің қысқы Олимпиадасында бақ сынайды, деп жазады Шыңжан газеті. Аталған БАҚ-тың дергінше, қандасымыз Баян 1999 жылы Қытайдың Алтай аймағында туған. Ол Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада […]

Алтайдан ауған ел тағдыры сахналанды
Руханият

Алтайдан ауған ел тағдыры сахналанды

Ел тәуелсіздігімен қатар келген Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында астана төрінде үш күн қатарынан «Алтайдан ауған ел» қойылымының премьерасы өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтарын елең еткізген айтулы өнер оқиға­сы – «қаллекиліктердің» ұлық мейрамға жасаған үлкен тартуы. «Алтайдан ауған ел» – Халифа Алтайдың қойылым […]

Ерғали Ахметқан:”Бір өлеңі бір елдің мұрасындай”
Бейнематериалдар

Ерғали Ахметқан:”Бір өлеңі бір елдің мұрасындай”

Менің бұл шағын мақаламда айтпақшы болғаным, сонау алпысыншы жылдардың басында білім іздеп шекара аттап, Қытай Халық Республикасынан қазақ еліне атбасын тіреген, бүгінде «қазақ әдебиетінің абыз ақсақалдарының» біріне айналған Жабайыл Бейсеновтың «Ауылым»-өлеңі туралы болмақ. Жабайыл Бейсенов 1934-жылы Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағы Толы ауданының «Дәм» малшаруашылық районында дүниеге келген. Жиырмадан асып, […]

Құрсауланған кесе
Алтай аңызы

Құрсауланған кесе

Абай өмірімен байланысты көне дүниелердің бірі – құрсауланған кесе. Бұл кесе кешегі шеберлердің ісмерлігінің куәсі іспетті. Абайдың досы Долгополовты қазақ шеберлерінің құрсауланған кесені жөндеу шеберлігі қызықтырған тәрізді. Көшпенді мәдениеттің өзіндік кішігірім өндіріс ошақтары болғандығы ақиқат. Алайда қазақ даласында фарфор жасау өндірісі болмаған. Қымбатқа түскен фарфор, фаянс ыдыстардың сынғаны болса лақтырмай, […]

Моңғолияның Дундговь аймағынан ежелкі түркі ескерткіші табылды
Алтай аңызы

Моңғолияның Дундговь аймағынан ежелкі түркі ескерткіші табылды

Тамырын тереңге жайған түркі жұртының жер бетінде ежелгі мәдени жұрнағы көп. Солардың бірі – Моңғолияның Дундговь аймағы Ногоонтал (жасыл дала) аумағынан анықталды. Күні бүгінге дейін беймәлім болып келген көне түркі ғұрыптық кешенінен биіктігі 2 метр, төрт тік сына тас табылған.  Көне түркі жұртына тән кешеннің жалпы аумағы 2.5х2.5 м, шаршы […]

Қытайдағы қазақ режиссері түсірген фильм қытай көрермендерін тамсандырды.
Жаңалықтар

Қытайдағы қазақ режиссері түсірген фильм қытай көрермендерін тамсандырды.

«Құлып»(«门锁») атты бұл фильм бір отбасында жалғыз өзі тұратын әйелдер өмірінің қауіпсіздігі туралы тақырыпқа түсірілген. Фильм 6 күн бұрын прокатқа шықты және қазірге дейін сатылған билеттерден түскен ақша 148 миллион юанға(9916000000 теңге – авт.) жетті. Бұл киноның режиссері Бек (Өркенбек Бейсенбайұлы) есімді шыңжаңдық қазақ азамат, деп хабарлайды Қытайдың CNR басылымы. […]

Нұрбек БЕКБАУ: Біз Сібір мен Жоңғариядан қалай айрылдық?
Кітапхана

Нұрбек БЕКБАУ: Біз Сібір мен Жоңғариядан қалай айрылдық?

Шах-Мұхамедтің діни реформалары қандай нәтиже берді? Ермак қалай өлді? «Алты алаш» ұғымы қай кезде пайда болды? «Кaçırılmış bir fırsat» немесе түріктер Тәуекел ханның заманы туралы неге бұлай айтты? Қазақтар қалай ғана Сібір мен Жоңғариядан айрылып қалды? Шах-Мұхамед мемлекет құру ісінде Көшім ханды кумир санайтын. Дәл сол сықылды жас сұлтан да […]

Йохан Густаф Ренаттің картасындағы қазақ жері.
Білім

Йохан Густаф Ренаттің картасындағы қазақ жері.

Соңғы жылдары, әсіресе пандемиялық ахуал кезінде шетелдік, соның ішінде еуропалық ғылыми-зерттеу орталықтары мен танымал университеттер архивінде және дәстүрлі музей-кітапхана мекемелері қорында сақталған азиялық мұраларды жеке википедиясы (Johan Gustaf Renats kartor) немесе энциклопедиялық (Renat map) тегін мәліметтері арқылы көпшілікке ұсынуда. Соның бірі – швед офицері һәм картограф Йохан Густаф Ренат (1682-1744) […]

Әсемхан Ғибадатқызының он бес жасында айтқан әні. (1986 жыл)
Бейнематериалдар

Әсемхан Ғибадатқызының он бес жасында айтқан әні. (1986 жыл)