Қазан, 2020

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ: Қасиетті сапардан қалған мұра
Шежіре

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ: Қасиетті сапардан қалған мұра

Мына фотоның тарихы естіген адамды ынтық­тырары хақ. Мұнда төрт адамның сол жақ шетінде отырған ұлты түрік Мехмет Гүл дейтін ыстанбұлдық кәсіпкер екен. Одан кейінгі басына қозы терісінен тігілген сеңсең тымақ киген жағалы палтолы адам – Жанымхан Тілеубайұлы. Бұл кісі 1888 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесінде туған. 1945 жылдары Шығыс Түркістан жұмқыриятының қаржы министрі болған. 1952 жылы Үрімші қаласында атылған. Ал оң жақта шетте отырған қияқ мұрты сұсты адам – Қапан Жәңгірұлы. Бұл жігіт Жанымханның аталас ағайыны. Артқы жақта түрегеп тұрған бозбала – түркиялық қазақ ақсақалы, Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығының Төрaлқa мүшесi болған, «Парасат» орденінің иегері – Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaнaлтaй. Дәкең 1922 жылы Шыңжаң-Aлтaй жерінде дүниеге келіп, 2012 жылы Түркияда дүниеден өтті.

kinopoisk.ru
Бейнематериалдар

Чарльз Чаплин: “Үлкен қала оттары” фильмі (City Lights)

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (2 бөлім)
Алтай аңызы

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (2 бөлім)

Қысқаша мағлұмат: Хасен Қалибекұлы Оралтай, әлемге танымал халықаралық қаламгер — 1933 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағындағы Майлы-Жайыр жайлауында туған. Ауыл мектебінен сауатын ашқан. 1945-жылдан бастап Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі болған әкесі Қалибек хакім Райымбекұлының қолғанаты болған. 1947 жылдан бастап “Үш аймақ” үкіметіне наразылық танытып, Кеңес одағының империялық саясатына қарсы шығып, Қызылөзеннен Еренқабырғаға қоныс аударған. 1949-жылдан бастап қуғынға ұшырап, жазалау әскерімен соғыса жүріп тұз қақтаған Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибеттің қуаң Саржонын басып, ыс басқан Гималай тауын асып, 1951жылы Үндістанның Кашмир аймағына өткен. 1954-жылы Түркияның Салихлы қаласына тұрақты қоныстанған. Түрік, ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік саяхатшыларға арналған дүкен мен қонақ үйде қызмет істейді. Сонда танысқан американдық әскерилердің ықпалымен 1957 жылы

НАТО-ның Ізмірдегі әуе күштері мекемесіне қызметке алынады. I960 жылдан бастап бірыңғай қаламгерлікпен айналысқан. “Бұйұк Түркелі” (1962), (Түркелі” (Ізмір) журналдарын, “Коммунизммен күрес” (Ізмір, 1965) газетін ашқан. 1967 — 1988 жылдары Мюнхендегі “Азаттық” радиосының қызметкері, 1988 жылдан бастап “Азаттық” радиосы қазақ бөлімінің директоры боды. 1993-жылы Алматыда қазақ бөлімінің бюросын ашты. 1995 жылы зейнетке шықты. Қазір Мюнхенде тұрады.

“Шығыс Түркістан қазақ түріктері — азаттық жолында”(1961), “Бұйүқ түрікшіл Мағжан Жұмабаев (1965), “Алаш — Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны” (1971), “Алтайдағы қанды күндер” (1977), “Қазақша — түрікше сөздік” (1984), “1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары” (1988) және осы жинақта үзінділері қысқартылып беріліп отырған “Елім-айлап” өткен өмір” (1999, Станбол, 2005, Алматы) атты ұлтжанды кітаптардың авторы. Естеліктің баспаға дайындағандар Т.Жұртбай мен Е.Сіләмханұлы.

Талапбек Азанбай: “Ботақара батыр” дастаны (аудио)
Бейнематериалдар

Талапбек Азанбай: “Ботақара батыр” дастаны (аудио)

“Ботақара батыр” дастаны. Жазған: Талапбек Азанбай Орындаған: Есқат Нұрәли https://erjanibek.kz/wp-content/uploads/2020/10/Ботақара3.jpg  

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (1 бөлім)
Кітапхана

Хасен Қалибекұлы ОРАЛТАЙ: “EЛIM-АЙЛАП” ӨТКЕН ӨМІР (1 бөлім)

Оспан батырдың “Үш аймақ” үкіметіне қарсы шығуы Совет Одағының қысымының нәтижесінде Шығыс Түркістан армиясының жеңістен-жеңіске ұласқан екпінді шабуылын кенет доғарып, қытаймен келіссөз жүргізуге мәжбүр болуы жұртшылық арасында: “…Бұл істің артында орыстар бар екен. Орыстар армияның алға тарта беруіне кедергі жасапты”, — деген сияқты сыбыс-жорулардың тарауына жеткізді. Үрімжіде қол жеткен келісім […]

Мұхаметжан ЮСУПОВ: ТҮРМЕ ҚАТИРАЛАРЫ
Кітапхана

Мұхаметжан ЮСУПОВ: ТҮРМЕ ҚАТИРАЛАРЫ

Мұхаметжан Ғабдулкаримұлы Юсуп Батыс Қытайдағы Тарбағатай аймағының орталығы Шауешек қаласында 1897 жылы (құжатта 1896 жыл деп көрсетілген) ескіше 1-қаңтар, жаңаша 14-қаңтарда дүниеге келген. Әкесі Ғабдулкәрім (лақабы Керімтай) XIX ғасырдың 70-75 жылдарында Бұхарадан Құлжаға барып, одан 90- жылдары Шауешекке келген. Шешесі Зульхижа найманның қаракерей табының тума жұртынан. 1902 жылдан бастап медіресе де, […]

Әтейхан БІЛГІН: Атамекеннен ауа көшуімізге себеп болған оқиғалар…
Руханият

Әтейхан БІЛГІН: Атамекеннен ауа көшуімізге себеп болған оқиғалар…

Әтейхан Қайсаұлы — Шинжаңның Баркөл ауданының Қабойы деген жерінде туған. Руы – Абақ керейдің ішінде Жәнтекей, Тасбике. Тасбике ішінде Ақша деген атадан, Ақшадан Бектемір, одан Мыңжасар, одан Қайса мен Әліп туған. Қайса мен Әліп бір туысқан. Елісхан — Әліптің баласы, Әтейхан Қайсаның баласы. Пәкістанда — Түркия үкіметіне хат жазғандардың, “Түркістан қозғалысын” […]

оспан батыр
Шежіре

АСҚАР ТАТАНАЙҰЛЫ: АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ (IІ)

Мақаланың басын мына жерден оқыңыз Оспан 1899-жылы Көктоғай ауданының Өндірқара деген жерінде туған. 18 жасқа толар-толмас та Зуқа батырдың кезіне түскен. Зуқа — Оспанның қаруына, ерлігіне ақылы сай жігіт болатынын сезіп, оны қолына ұстағысы да келген. Оспанның әкесі Исламға кісі жіберіп, Оспанды тәрбиелегісі келетінін де білдірген. Бірақ Оспан өзінің сабырлылығымен, […]

оспан батыр
Шежіре

АСҚАР ТАТАНАЙҰЛЫ: АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ (I)

Асқар Татанайұлы — 1906 жылы 6-қазан күні Шығыс Түркістанның Алтай аймағындағы Қыран өзені бойында дүниеге келген. Жазушы, ақын, шежіреші, оқу-ағарту саласының белгілі қайраткері. 1935 жылы 27-желтоқсаннан бастап шығарылған “Алтай” газеті баспаханасын ұйымдастырушы баспагер, газет қаламгері. Шығыс Түркістандағы тарихи оқиғалардың тікелей куәгерлері. Алтай тарихы туралы әфсаналардың, “Бір ғасыр” атты өлеңмен жазылған […]