Жаңалықтар

Алтай – Тарбағатай әндері зерттеліп – зерделенген “Ағажай – Алтай” атты кітап жарық көрді.

 

13 ақпан күні Алматыдағы Ғылым ордасында, қос өнерпаз – Мұрат Әбәғазы мен Талғат Әбуғазының «Ағажай – Алтай» атты кітабының тұсаукесеріне арналған салтанатты кеш өтті.

Қазақстанның мәдениет қайраткері, белгілі күйші, өнер зерттеуші Мұрат Әбуғазы мен мәдениет саласының үздігі әнші Талғат Әбуғазының құрастыруымен жарық көрген “Ағажай-Алтай” деп аталатын бұл кітабыне, Алтай-Тарбағатай өңірінің таңдаулы 100 әні нотаға түсіріліп, беріліп отыр. Жинақ кәсіби әншілерге, орта және жоғары музыкалық оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, өнер зерттеушілеріне, ән сүйер жалпы жұртшылыққа арналған.

 

Кеш барысында, кітаптың алғы сөзін жазған Еркін Шүкіманұлы беташар сөзін сөйліп, елге танымал тұлғалар кітаптың тұсауын кесті.

Әбуғазылар әулеті ән-күй өнерімізді әспеттеу, зерттеп-зерделеу мен насихаттауға үлкен үлес қосып келеді. Күні кеше өнерсүйер қауымды қуантып қолына тиген “Ағажай – Алтай” кітабы соның бір дәлелі. “Ғалымдар үйінде” өткен өнер кеші де көңілге түрлі ой салып шабыттандырды.

Теги: , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*