Жаңалықтар

Астанада: Ер Жәнібек – 300 жыл

Жәнібек сынды батырлар рухын ұлықтау – жас ұрпақты отан сүйгіштік рухқа тәрбиелейтін бағалы оқулық іспетті. Олардың есімін көтеру, оны келер ұрпаққа аманаттау – тәуелсіздік тұғырымызды одан ары бекемдеп, «Мәңгілік ел» мұратына жетуімізге айқын бағдар, жалынды рух сыйлайды.

Осы орайда, Республикамыздың жер-жерінде аталып жатқан мерейтой аясында Астана қаласында да арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нақтылы күнтәртібі төмендегідей:

  • 17 маусым. 17:00 сағатта  Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында   Ер Жәнібек рухына арналған ақындар айтысы.
  • 19 маусым. 9:30 сағатта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек » атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
  • 13:00 сағатта – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған арнайы ас.
  • 14:30 сағатта  Ер Жәнібек атындағы жастар мен жасөспірімдер арасында «белбеу күресінен» Республикалық біріншілік (чемпионат) пен Қазақ күресінен өтетін түйе палуан жүлдесінің  басталуы.

–       15:30-сағатта – Қоянды ауылы орталығындағы «Ер Жәнібек бақшасына» қойылатын батырдың атқа мінген тұлғасы орнайтын ескерткіштің ірге тасын қалау рәсімі.

–       Қоянды ауылының орталығынан  алынған «Ер Жәнібек көшесінің» тұсаукесер салтанаты. Батыр рухына арналған әдеби-музыкалық кеш.

–       19: 00 -де жалпы қорытынды.

Салтанатты шараға ҚР парламент мәжілісі депутаттары, Ақмола облысы әкімдігі, ҚР дене шынықтыру және спорт агенттігінің басшылары мен әлем чемпиондары, ақын-жазушы, ғалымдар, Целиноград ауданы әкімі, шетелден келген сыйлы қонақтар қатысады деп күтілуде.  

«Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры»

Ұйымдастыру комиссиясы

 

Астана қаласындағы байланыс тел: 8-701-7499842, 8-701-6189990

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*