Жаңалықтар

Ақын Бақытбек Бәмішұлының шығармашылық кеші өтті

Маусымның 19 күні, Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі ақын-жазушы, публицист, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының шығармашылық кеші өтті. Кеш ақынның асқаралы 60 жасқа толған мерейтойы қарсаңында өтті.

Кешке ақынның ғылым мен әдебиеттегі ұстаздары, қаламдас-замандас серіктері, ауылдас ағайын-жұрты, оқырмандары және өнерпаздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кеш тізгінін халықаралық “Алаш” сыйлығының иегері, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы ұстап, алқалы сөздің шымылдығын Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулетов ашты. Өлең мен өнердегі аға буын қасқа мен жайсаң кезегімен сөз алып, Бәмішұлы шығармаларының қыр-қатпарлары, еңбек жолының бел-белестері туралы естеліктер мен алқаулы сөздер сөйледі. 

Сондай-ақ, кеште ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, “Оспан батыр” поэмасының негізінде шағын спектакл қойылды.

Бақытбек Бәмішұлының еліне берген шығармашылық кеші “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қоры жағынан халықаралық деңгейде аталып өтіліп жатқан Оспан батырдың 120 жылдық мерейтой аясында өткенін, кешке “Ер Жәнібек” қорынан тыс, Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Ұлттық кітапханасының қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. 

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*