Жаңалықтар

Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсауы кесілмек.

18 мауым күні, Алматыда ақын Ержанат Байқабайұлының “БОТАЛАР НЕГЕ БОЗДАЙДЫ” жыр жинағының тұсаукесері өтеді. 

Белгілі айтыскер Ержанат Байқабайұлы бұл кітабін Жәйірдің жырауы атанған ақиық ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арнап жазған. Жинақта Жәркен жыраудың туған жері мен өскен ортасы, қилы тағдыры ақын тіліне тиек болып, көркем образбен бейнеленген. Артынан ерген ұрпағы, ізін басқан інісі ретінде жырау рухының жоқтаушысы болып, жырдан ескерткіш орнатқан.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ұйымдастырып отырған бұл шараға, Жәркен атамыздың көзін көрген қазақ әдебиетіндегі замандастары мен іні-қарындастары қатысып, ақын туралы аңызға бергісіз естеліктер айтылмақ.

Уақыты: 2021 жыл. 18 маусым, сағат: 16:00 де.

Орыны: Құрманғызы 40, “Достық үйі”

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*