Жаңалықтар

«Ер Жәнібек» мешітінде ауызашар берілді

 

Қасиетті Рамазан айының 23 күні Аламаты қаласының Байбесік ықшам ауданындағы «Ер Жәнібек» мешітінде, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры,  ауыл тұрғындары мен белгілі кәсіпкерлердің, журналистердің басын қосып  ауызашар берді.

Ауызашар барысында ең әуелі ақшам намазына азан шақырылып, Құран оқылды.  Содан соң дастархан басына жиналған жамағатқа «Ер жәнібек» мешітінің бас имамы, Данияр Мұсаев сөз алып, оразаның маңызы, ауызашардың артықшылығы туралы біразырақ уағыз айтты. Сонымен қатар, бас имам   сол күнгі ауызашарды ұйымдастырып отырған , мешіт құрлысына қол үшін берген «Ер Жәнібек» қорының төрағасы Жеңіс Түркияұлына  алғысын білдірді. ұлт мүддесі жолында игі істер істеп жатқан  қордың жұмысына жеміс тіледі. Соңында, ел ағалары «Ер Жәнібек» мешітінің құрлысы үшін алда істелетін маңызды істер жайында ақылдасып, рамазан айындағы ізгі ниеттерін ақ дастарқан басында ақтарысып тарқасты.

Дайындаған: Ретбек Мағаз

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*