Жаңалықтар

Зуқа қажы Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында көрме өтеді

ХІХ ғасырдағы Қазақ топырағында асыл дініміз Исламды насихаттаған дін қайраткерлерінің бірі – Зуқа қажы Сәбитұлы. Алаштың айтулы батыры Зуқа қажы – ШҚО Жайсаң ауданының тумасы. Өміріңнің басым көбі Алтайда өтті. Сондағы қазақтардың төбе биі, дін таратқан қазысы болды. Шығыс Түркістан республикасын азат етушілердің идеологтарының бірі. Алтайдағы алғашқы болып қасиетті Мекке-Мәдинеге барған қажы. Әкесі Сәбит молла Шығыс өңіріне дін таратқан, көптеген шәкірт тәрбиелген аты Алашқа таныс өнегелі ұстаз болған адам.

log

Билы жыл бойы әлемнің 10-наннан астам елдерінде Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық еске алу мерейтойы тойлануды.

Аталмыш мерейтой қарсаңында, 14-маусым күні Астана қаласының ҚК Әскери-тарихи музейінде «Тәуелсіздік жолында» атты өткен ғасырдың діни және этномәдениетімізді жаңғыртқан көрме өтпек. Көрмеге министрлер мен депутаттар да қатысады.  Сонымен қатар «Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Оған елімізге белігі академик-ғалым, ақын-жазушы, қоғам қайраткерлері және шетелдік қазақ ғалымдары қатысып, баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Батырдың 150 жылдық мерейтойына қарсы, «Мәңгілік ел және Зуқа батыр» атты шығармалшылық бәйгенің жеңімпаздарын марапатталып, батыр жайында жазылған кітаптардың тұсаукесері өтеді.

Кеш соңында Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар беріледі. Асқа елімізге белгілі дінтанушылар мен имамдар да қатысып құран хатым түсіреді.

Бақытбек Қадырұлы

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*