Жаңалықтар

Мұрат Шаймаранұлы “Жұмекен Нәжімеденов” атындағы сыйлықтың иегері атанды.

Маусымның 13 күні, Қазақстан жазушылар одағында Атырау облысы мен Жазушылар одағы бірлесіп тағайындаған Жұмекен Нәжімеденов атындағы поэзия және Ғабдол Сланов атындағы проза сыйлықтары бір топ қаламгерге табысталды. Бұл сыйлықтар биыл алғаш табысталып отыр. 

Поэзия номинациясы бойынша Жұмекен атындағы сыйлыққа ақындар Мейірхан Ақдәулетұлы, Бауыржан жақып, Сұраған Рахметұлы, Мұрат Шаймаран және Нұртас Тұрғанбекұлы ие болды.

Проза номинациясы бойынша Ғ. Сланов атындағы сыйлықтың лауреаттары – жазушылар Тынымбай Нұрмағанбетов, Несіпбек Дәутайұлы, Молдахмет Қаназ, Нұрлан Қами, Асқар Алтай.

Мұрат Шаймаранұлы биыл қараша айында ердің жасы елуге толмақ. Осы орайда қор ұжымы атынан ағамызды табысты күнімен құттықтап, “елу жысыңызда тәңірдің берер сыйы бұдан да мол болғай”- деген тілегімізді білдіреміз.

 

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*