Жаңалықтар

Солтыкен Көкішұлының Жақсылық Үшкемпіровты жоқтау жыры

Қытайдағы қазаққа ғана емес, миллиардтар еліне кеңінен таныс, кезіндегі аламан жарыстың бәйге бермес арыстаны атанған, 130 келі салмақтағы түйе палуан, ақын Солтыкен Көкішұлының Жақсылық Үшкемпіровты жоқтау жыры.

Ел үшін туған арсым

Қайғырды қазақ ұлына,

Мақтанған еді буына.

Тұңғыш ірет Жақсылық,

Спорттың шыққан шыңына!

 

Ел үшін туған арысым,

Арнаған елге табысын.

Күллі әлемге танылды,

Қазақтың бермей намысын!

 

Біліуші ем жүрек сырыңды,

Азамат едің білімді.

Жер шарының бетіне,

Өшпестей салдың ізіңді.

 

Жайсаң еді көңілің,

Қысқада болды өмірің.

Аралап бәрін шарладың,

Әлемнің тегіс өңірін.

 

Әлемнің шығып төріне,

Халықтың түстің көзіне.

Аялсыз өткен өмір-ай,

Қамқоршы едің еліңе.

 

Қарымды еді білегі,

Арстың қалды кілемі.

Қалайша ерте тоқтады,

Елім деп соққан жүрегі.

 

Ойсырап қалды төріңіз,

Ұрпақпен тірі көзіңіз.

Кеңесіп айтқан кезінде,

Құлағымда әлі сөзіңіз.

 

Сұрапыл еді тебіні,

Елім деп өтті өмірі.

Алыста мені өксітті,

Халықтың айтқан көңілі.

 

Түйдей еді жасымыз,

Ардақты еді басыңыз.

Көңілімнен шықпайды,

Өмір бойы атыңыз.

Торқа болсын топырақ,

Тынығып Жақа, жатыңыз.

 

Ойланып әр кез тұрамын,

Көзіме жас ап жыладым.

Жоқтауым менің барғанша,

Түрулі жатсын құлағың.

Иманды болсын арысым,

Оқылған осы құраным!

2020 ж, Алтай қаласы.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*