Руханият

СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ: ЖАРҚА* ЭЛЬБУРСІ

ЖАРҚА* ЭЛЬБУРСІ

(Ер Жәнібек баба рухына арналған жыр)

Жаөани тартыстар сорғалап,

Тәңірдің нәрі ме?!

Түземде туған ЕР, адырлы даланың перісі –

Қаһарлы қасиет, киелі Жәнібек,

санамда ұлиды екі арлан бөрісі!!!

Айбарлы асқағым әлі де;

Қамшымен қақ жарып ұрғандай өгіздің терісін…

О, о, о, замана перісі?!

Ұласқан ұлы айбын, бурадай жараған,

Арғысы – Ер Көкше, Ер Қосай

Бергісі – Сарытоқай, Жанат-ты?!

Ұласқан ұлы айбын, құдайдың дарасы,

Теңдессіз тегеуірінді, қарқара қанатты.

Арқада ардақтан, Абылай тараған?!

Көкдөнен ізінде ар, нала тамшылап…

Алқабел – Білезік, Айдынсу – өрісі,

Ақ шарбы бұлттарды найзаға шаншып ап.

Қанымен мөр басып, төрі үшін,

Жәйір мен Жайқаннан жыртылған

Жараның орыны ашып,

Ойратқа шүйліккен омыраулы өр лашын, қыраным,

Оралған ортама Тұғырыл, Тұраным –

Тоныкөк!

Уысы қорғасын. Жарқалы жаһани ұраным –

Жәнібек!!!
көр бүгін қарт әлем – қазақтың

Арқасын,

Азия төрінде әз ұя – тәуелсіз картасы.

Байрағы қадалған жетінші құрлыққа,

Бағалы әр тасы…

Маңырақ, Марқасу, маң дала Маңғыстау

Мұнаймен даңқы асып!

Ежелгі Ұрымдай ең ғажап келді ырыс,

Ендікте ембі май – ел күткен Эльбурс!!!

Есілде ен тоғай, еңселі

Сырың бай – еселі сел күріш!

Жетісу, Жезді жең, жерінің үрпі тың,

Киелі Боз орда, Абылай аңсаған пір тұтып,

Сол Мысыр, Ассири…

Жоо, жо, жоқ! Түркі тін?!

Жонына Күн артқан халықпын, тәуелсіз

Бүркітім!!!

Жарқа* ең берік сауыт

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*