Кітапхана

Талапбек АЗАНБАЙ: ҚАН БАЗАРДА ҚАРА НАР(Баллада)

Жүретұғын көшкенде иесі артып,

Машинаңнан қазақтың түйесі артық.

Қан базарда сойылған бұл түліктің,

Бізді бір күн жүрмесін киесі атып.

 

Құт бар сенде, жоқ бырақ сана дарын,

Қу тірліктің кім білген жараларын.

Қандай қыйын жолыңда жүк қалмаған,

Қара жердің қайығы ең , қара нарым.

 

Бірге туған ұлтыммен егізбе едің,

Таса болсаң көзімнен сені іздедім.

Жаугершілік заманда жаныңды айап,

Санды ұрғызып әттең-ай дегізбедің.

 

Бір кездегі басылмай кекті жүрек,

Тулап соғып ал бүгін тептің үдеп.

Нар үмітің кесіліп қан майданда,

Қанды сезіп күшпенен шөктің жүдеп.

 

Ұлы әулеттің тойындай қызын берген,

Тобырлар бар бұл жерге қызыу келген.

Жан-жағыңнан жұлқылап шуылдайды,

Аш бөрідей қызғанып қызыл көрген.

 

Несібесін тірліктің күнде ұсынған,

Талап жатыр өткендей ұлы сыннан.

Көре алмадым бір пенде бір сен үшін,

Бұл майданда жаны ашып қыры сынған.

 

Айғай- шу көп ,  жоқ бырақ тың ұраны,

Құлағыңды жаңғыртып тұндырады.

Пышағынан солардың мерт боп қазыр,

Күңіреніп мінекей мұң құлады.

 

Ұстап әтей қастықпен баласынның,

Ақызғандай көзінің қарашығын.

Киесі бар осындай жаныуарды,

Мынау үлкен жоғалту, дара шығын.

 

Төрт түліктің патшасы ең серкесі сен,

Орын алган өмірдің өр төсінен.

Түршігесің жалақтап қасаптардың,

Қызыл қанға батқанда белшесіннен.

 

. Елеп сені ескермес жайшылықта ол,

Ғұмыр- тірлік болған соң қайшылық зор.

Мүмкін емес басқаның құм-шөлдерде,

Өзің құсап басуы айшылық жол.

 

Сұлулықтың айғағы ед қөркем денең,

Сезімге еріп ақынба өртенбеген.

Кеттім менде өзіңмен бірге егіліп,

Жанарыңды көргенде мөлтеңдеген.

 

Ауыр күнде қосылып қиын жерден,

Тыныстас боп келгенсің дұйым елмен.

Үлкен бізге мақтаныш өмір үшін,

Адал ашты еңбектің сиын берген.

 

Өн бойыңда тұрғанда толық қаның,

Тепкісіннен адамның қорықпадың.

Сонау өтен алқа көл сұламада,

Қашан көрдің түйенің зорыққанын.

 

Қайран қалдым апырау таң қажайып,

Мінез қалай өзгерген алмағайып.

Киелі деп өзіңді қастерлейтін,

Кеткеніме адамдар сонша азайып.

Қара нарым түспейтін құрық әр күн,

 

(Қан базарда мен қайда бұрылармын).

Ата жолын білмейтін ынжықтармен ,

Олжасы боп кеттіңбе ұрылардың?!

 

Еске еріксіз пәнидің тозған әні,

Үстіп түссе шоқ болып қозданады.

Қан майданда қарлығып жануардың,

Неткен ашты егіліп боздағаны.

 

Жауап таппай тақдырдың сұрағына,

Келген осы мәңгілік тұрағыма.

Боздап жүрген кім білсін ботасының,

Үні тұрма естіліп құлағына.

 

Құмарлықты, нәпсіні, тыйып бірден,

Шақырама шығарып биік бір дөң.

Ойлағанда ботасын тас емшегі,

Кетті саулап бұлақтай иіп мүлдем.

 

Кілкіп тұнған өзендей ақпай өрден,

Жабырқатып жалңан-ай аттай желген.

Көз алдына елестеп ақырғы рет,

Тұрма иесі бұйдасын қақпай келген.

 

Басыңа орнап тұрғанда ақыр заман,

Тереңіне ой барма батырмаған.

От боп жалмап лаулаған өлім- үрей,

Бір қорқыныш әкеліп жатыр саған.

 

Жеткізе алмай жануар ақтық үнін,

Жылы қаны жосадай ақты бүгін.

Жаратұшы алдынан жар болмаса,

Енді кімге апарып шақты мұңын.

 

Арпалысқан қайшылық арасында,

Түсті талай жануар дара сынға,

Бір қандырып тоймаған жанарының,

Сйып жатыр күллі әлем шарасына.

 

Міне осындай дүние ғажап ғұмыр,

Енді қайтып көрмейік мазақты бұл.

Түлігім деп киелі қастерлейтін,

Тартқан ұлтым өзіңмен азапты бір.

 

Жер кемесі десекте мықты сені,

Тынысыңның үзіліп бітті демі.

Екі қолын қып-қызыл қанға малған,

Адам деген недеген жыртқыш еді.

 

Арпалысқан қайшылық арасында,

Түсті талай жануар дара сынға.

Бір қандырып тоймаған жанарының,

Сиып жатыр күллі әлем шарасына!!

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*