Шежіре

Шығыс Қазақиядағы Саяси Қуғын-Сүргін (1937-1939)

Дербес ел, тәуелсіз мемлекет ретінде Шығыс Қазақиядағы саяси қуғын-сүргін туралы бүгінгі күнге дейін ғылми сараптама жүргізе алдық па? Не үшін Қазақ ССР-дағы Қазақтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы Шығыс Қазақиямен бір уақытқа сәйкес келеді? Не себепті Қазақ ССР-дың НКВД тергеушілері Үрімжі, Құлжа, Шәуешек пен Алтайда құпия тергеу операциясын жүргізеді? Ең, өкініштісі, қазір Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақ қайраткерлерінің тергеу құжаттары негізінен ашылды, ал, қытайдағы Қазақтардың тергеу құжаттары ашылған жоқ… Келесі жылы (2019) Қытай Қазақтарының Саяси Қуғын-Сүргінге ұшырағанына 80 жыл толады (1939-2019). Бұл постты соған арнаймын! Аруақтардың рухы бір аунағай!

Әлқисса…
шағын сараптама

* Шың Шысайдың Тыңшылық Органдары;

* Шығыс Қазақияның Тұңғыш Саяси Қуғын-Сүргін Құрбаны- Баймолда Қарекеұлы;

* “Қазақ-Қырғыз-Моңғол” Құрылтайы;

* Саяси Қуғын-Сүргіннің Ұлтқа Тигізген Зардабы;

* Ақиқатты Оқпен Өлшеу немесе Шығыс Қазақиядағы Ұлт-Азаттық Төңкеріс;

Шың Шысай билікке Сталиннің әскери һам саяси жәрдемімен шықты. Ол Шыңжаң Өлкелік үкіметін жеке дара бір өзі он бір жыл биледі. 1934-1935 жылдан бастап Шыңжаң Өлкелік қорғаныс миністірлігі жанынан тыңшылық орган құрылады да әр қала, уалаят, аудандарда (окург) бөлімшелері ашылды. Бұл Шығыс Қазақиядағы мемлекеттік деңгейдегі саяси қуғын-сүргіннің ең алғашқы адымы еді. 4-5 жылдан соң құпия тыңшылық орган неше он мыңнан астам тұлғаның үстінен күдікті деректер жинап үлгіреді, сонымен Шың Шысай Сәбет одағымен бір уақытта Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргінді бастап кетеді.

Шығыс Қазақия қазақтарының тұңғыш саяси қуғынға түскен көрнекті тұлғасы- Баймолда Қарекеұлы еді. Ол 1937-жылы күдікті ретінде ұсталып ұзақ уақыт тергелуден соң Үрімжі қала маңында тірідей көмілген 200 қазақтың қатарында сүйегі мен мазары бүгінге дейін әлі табылған жоқ. Баймолда не себепті ең алғашқы болып қуғынға түсті деуіңіз мүмкін:
Ол Шығыс Қазақиядағы ең беделді тұлға болды. 1912-жылы Зәкәрия төреге аудармашы болып Пекинге ұлттық конгреге барды, сайлауда дауыс беріп президентпен жүздесті, келген соң Үрімжіде өлкелік үкіметтің құрлыс министірі болды және жеке Қазақ атты полькін басқарды, Үрімжіге Қазақ жастарын жиып, интеллектуалды ошақ қалыптастырды, Қазақ ССР-дан келушілерді мемлекеттік жұмысқа тартты, ағартушылық пен баспасөз тақырыбын көп қозғады. Сондықтан төрт үкімет дәуірін бірдей бастан кешкен оны алдымен саяси қуғынға ұшыратуы сөзсіз еді.

Баймолда ұсталған соң қазақ зиялылары топ тобымен дүркін дүркін абақтыға қамала бастады. 1939- жылы Шың Шысай Үрімжі қаласында Үш Ұлт құрылтайын ашамыз деген сылтаумен бес уалаяттан ұзын саны 500 де 300 қазақ зиялыларын бір күнде түрмеге тоғытып, тергеуге алады. 1938-жылдан бастап әр қазақ аудан орталығынан тергеу, қамау орындары ашылып қазақ игі-жақсыларын тұтқындай бастайды. Түрмедегі ұлт зиялыларын Қазақ ССР-дың НКВД сұрақшылары да келіп сұрақтың астынан алады. Шың Шысай мен СССР НКВД тергеушілері бірігіп жұмыс істегендіктен екі ел арасындағы рухани, мәдени сабақтастықты ұлт мүддесіне жақсы пайдаланып жатқан қазақ интеллегенцсиясы ауыр соққыға тап болды. Зайсан арқылы Семеймен байланысып, Алматы, Ташкен асып университет оқыған Шығыс Қазақияның жаңа буын ұлт интеллегенцсиясы түгелдей қуғынға ұшырады. Ұлттық ояну процессі он жылдан астам уақыт тұрақтап қалды. Шыңжаң өлкелік қорғаныс миністірлігі жанындағы тыңшылық органның құжаты бойынша 30 мыңнан астам тұлғаға қылмыс күдіктісі деген дело тұрғызылған. Бірақ, сол жылдары (1937-1944) нақты қанша қазақ атылып, қанша қазақ топыраққа тірідей көмілгенін анық білмейміз… Әр уалаяттың жергілікті архив деректерін сараптап оның мөлшер санын шығаруға әбден болады. Ең маңыздысы, Шығыс Қазақиядағы саяси қуғын-сүргін туралы тақырып Қазақ ақпарат әлемінде осыдан соң тілге көп тиек етілуі керек.

1939-1941-1944 жылдар арасы Шығыс Қазақияның бүкіл игі жақсылары негізінен түрмеде еді десек артық айтпаған болар елік. Бұның соңы ұлттық теңдік сұрауға әкеп соқты. Алтай уалаяты 1939-жылдан бастап ұлт-азаттық төңкерісін бұрқ еткізді, сонымен Шыңжаң өлкелік үкіметі Алтай көтерілісшілерін басып жаныштау үшін Шыңжаңның әскери күшін Алтайға лек легімен жөткей бастайды. 1939-1944 жылдар арасы бес жыл Алтай үздіксіз ұлттық толқуда болғандықтан және Қытай әскерімен табанды күрескендіктен Шың Шысай Іле, Үрімжі және Тарбағатай уалаяттарындағы әскери базаны Алтайға тасып әкетіп стратегиялық жақтан Іле мен Тарбағатай уалаятындағы әскери қорғанысты әлсіретіп алады. Ал, Алтайға лек легімен жөткелген әскери қосын мамқара жеңіліп Манас пен Шонжыға шегініп кетеді, бұның соңы Іле Қазақтарының тез арада ұлт азаттық көтеріліс жасап Құлжаны басып алуына жол ашады. 1944-жылы Шың Шысай Шыңжаң өлкелік үкімет билігін Нан Кин үкіметіне өткізіп беріп өзі оцтовкоға кетеді. Жаңадан билікке келген У Жуңшинь Шыңжаң саяси стратегиясынан білікті маман болмағандықтан қазақ ұлт азаттық көтерілісін жаншуға шамасы келмей, сосын түрмеде тірі отырған қазақ зиялыларын босатып жібереді. Ал, 1944’тен кейінгі тарихты алдағы уақытта жан-жақтылы талдап сараптап берейін.

Eldes Ordaның ФБ парақшасынан
Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*