Жаңалықтар

“Қалыбек батыр” мемориалдық кешені ашылып, ас берілді

Мемлекеттің “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, Шілденің 20 күні Алматы облысының Кеген ауданы Қайқы асуына қойылған “Қалыбек батыр” мемориалдық кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті.
Ашылу рәсіміне Өзбекстан мен Қырғызстаннан, Қытай халық респубикасынан және облыс-аудандардан қонақтар келді.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне орай Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлі арнау сөз, бірқатар ел ағалары мен құрметті қонақтар баяндама жасап, құттықтау сөз сөйледі. Ақындар жырдан шашу шашты., Мұхтар Әуезов театрының әртістері сахналық қойылым қойды. Күйші Композитор Ермұрат Үсеновтың “Қалыбек батыр” күйі елдің рухын бір серпілтіп тастады.
Қарқара жайлауында батырға арнап ас берілді. Ат бәйге, қыз қуу сияқты ұлттық спорттан жарыстар өтті. Жауырыны жер иіскемеген балуындар боз кілемде белдессе, Қазақстанға белгілі өнер қайраткерлері мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.
Аспан таулардың аясында, Қарқара жайлауында Алты алаштың басын қосқан “Қалыбек батырдың” асы – Қазақстанның жаңа заман тарихында алтын әріптермен жазылатын, ұлт пен ұрпаққа өнеге боларлық игі іс болды.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*