Жаңалықтар

Қарақас Қаптағай батырдың 320 жылдық дүбірлі асы өтті

Тамыздың 15 мен 16 күндері ШҚО Зайсаң ауданына қарасты Сауыр – Сайқан тауларының баурайында, Ертіс өзені алқабында ХVIII ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі, Орта жүз Керейдің Қарақас руына ұран болған батыр Қаптағай Түгелбайұлының туғанына 320 жыл толуына байланысты Алты Алашқа сауын айтылған дүбірлі асы өтті.

Елбасының “Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ауқымды шара, Зайсаң ауданыны әкімдігінің қолдауымен ұлт рухын асқақтатып биік деңгейде өтті. Алдымен батырға арналған ескерткіш тастың ашылуымен басталған ұлы жиын ат бәйгесі, палуандар бәсекесі, ақындар айтысы сияқты рухани және спорттық шаралармен жалғасын тапты.

ШҚО Зайсан ауданының әкімі Серік Қасымбекұлы АҚТАНОВ пен батыр ұрпағы Германиядан келген Қалиакпар мырза қатарлы силы азаматтар  ескерткіш тастың лентасын қиып, құттықтау сөзін сөйледі. Ескерткіш батыр ұрпағы Серік КӨКЕНАЙҰЛЫ мен Манат СЕРТАЙҰЛЫНЫ қаржылай көмегімен салынып отыр екен. Ас барысында батыр бабаның ерлікке толы өмір жолы жайында жазылған тарихи кітаптың да тұсауы кесілді. Кітап авторы Ұлан Бапайұлының бұл еңбегі көптің көңілінен шығып, жоғары бағасын алды. Шараны қаржыландырған әлемнің әр түкпірінен жиналған ҚАРАҚАС ҚАПТАҒАЙ БАТЫР ұрпақтары.

Салтанатты тойды “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қордың атынан қор президенті Жеңіс Түркияұлының арнайы тапсырмасымен барған жазушы Қойшыбек Мүбарак Батыр ұрпағы Серік Көкенайұлын баба рухын ұлықтаудағы еңбегімен алқап, Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” төсбелгісімен марапаттады.

Аталған шара  даласы үшін жанын қиған тарихи тұлғалардың ерлігін ұрпақ есіне салуға арналды. Сонымен бірге шегара  шебіндегі жұрттың отан сүйгіштік рухын көтеріп, ұлттың бірлігін нығайтуға шақырған жиын болды.

 

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*