Кітапхана

Шәміс Құмарұлы. “Өмір өткелдері”(роман)

Shamis_Kumar

Жазушы Шәміс Құмарұлы

15.04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы ауданында дүниеге келген. 1974 – 1978 ж аралығында Синь – Цзян университетінің физика факультетінде оқыған. 1978 – 1982 ж аралығында Синь – Цзян оқу ағарту баспасында редактор аудармашы болған. 1982 – жылдан 1997 жыл аралығанда «Шұғыла» журналында редактор, бас редактордың орынбасары, бас редактор Синь – Цзян жазушылар одағының орынбасар төрағасы міндеттерін атқарған. 1997 жылдан 2005 жылға дейін ШУАР әдебиет көркем өнершілер бірлестігінің орынбасар төрағасы, секретариатының секретары Синь – Цзян жазушылар одағының орынбасар төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы міндетін атқарған. 2005 – 2013 жыл аралығында ШУАР әдебиет көркем өнершілер бірлестігінің орынбасар төрағасы, Қытай халық республикасы жазушылар одағы мемлекеттік комитетінің алқа мүшесі міндетін атқарған.

«Бөке батыр», «Ер Жәнібек», «Көз жасы сарқылмайды», «Ертіс кілкіп ағады», «Тұғырыл хан», «Қилы жылдар», «Жарық дүние», «Мәми би», «Лақ би» атты романдары және Қазақ мәдениетіне қатысты зерттеу кітаптары және әдебиет зерттеу жинақтары болып жиырма кітабы Қытайда баспадан шыққан. «Бөке батыр», «Жарық дүние», «Ертіс кілкіп ағады» романдары Қытай тіліне аударылып баспадан шыққан.

1990 жылы «Бөке батыр» романына Қытай мемелекетінің «Тұлпар» сыйлығы берілген.  1993 жылы Шәміс Құмарұлына Қытай жазушылар одағы жағынан Жуаң Жуң Вен әдебиет сыйлығы берілген.  «Ер Жәнібек» романына «Үздік кітап» сыйлығы берілген.  Шәміс Құмарұлы 2005 жылдан бастап Юнеско – ның қытай тілді мамандар группасының мүшелік куәлігін алған.  Шәміс Құмарұлы Қытайдағы оқырманы ең көп жазушы.

Кітапты жүктеу

Онлайн оқу:

Теги: , , , , , , , , , ,

2 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*