Қор туралы
Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры белгісінің анықтамасы
Қор белгісінің негізгі сипаттамсы:
- Қор белгісі киіз үйді төбесінен суреттеген сынды дөңгелек пішінді, көк, сары, қоңыр, ақ түсті шеңберлерден құралады.
- Көк түс – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туымен бірдей түс реңкті, «Қазақ Елінен, қазақтар» дегенді білдіреді.
- Қор белгісінің сыртқы көк түсті шеңберіндегі мәтіні қазақ тілінде «ЕР ЖӘНІБЕК халықаралық қоғамдық қоры» және ағылшын тілінде «ER JANIBEK International Public Foundation» деп жазылады.
- Сары түсті екінші шеңберінде көне түрік жазуында iRUQ gb iNJ r jrK «Ер Жәнібек қоры» деп жазылады.
- Қоңыр түсті шеңберінде қазақ киіз үйінің шаңырағын, дүниенің төртбұрышын меңзеген ақ түсті 4 құстұмсық ою және көшпелілердің он екі мүшел жыл санаудың символы ақ түсті 12 қошқар мүйіз ою – киіз үйлер бейнеленген. Осы құмтұмсық пен қошқар мүйіз оюлары бірігіп, Қазақ даласын, Қазақ Елін жаудан қорғау үшін жан-тәнін аямау керек деген мағынасында батырлықтың символы «ер-тоқым, найза, садақ, қылыш, қалқан» деген композициялық мәнді білдіреді.
- Ақ түсті шеңбер — қазақтың дархан мінезін, ашық жарқын адалдығын, ақ пейілділігін және қазақ киіз үйінің аспан Тәңірімен тілдесіп тұратын түндігін меңзейді.
- Қор белгісінің ақкөк түсті дөңгелектің ортасында қазақ халқының негізін құраған іргелі тайпалардың бірі Ашамай, Абақ, Уақ Керейлердің ортақ таңбасы «Ашамай таңбасы» қара түспен бедерленген. Қара түс – қазақтың қара шаңырағының символы. Осы таңбаның жоғары тұсында көне түріктердің «Бүркіт+Бөрі+Арқар+Жылқы» деген синкретикалық мағынаны білдіретін қазақтардың арғы ата-бабаларының төрелік таңбасы бейнеленген. Бұл бөрілі байрақтың қазақтардың ұрпақ сабақтастығы үзілмесін деген ырым-жосындық мәнде берілген.
Соңғы пікірлер