Руханият

Сағынайдың асы туралы

Ереймен жерінде үш жүз түгел шақырылған Керей Сағынайдың асы туралы аңыз күні бүгінге дейін халық арасында кеңінен таралған.

3a964e799b8db868382c8ce041dec2d7

Белгілі қаламгер, атбегі, құсбегі Қажытай Ілияс ас туралы: ” Бір ғана Нұрмағамбеттің дәулетін оның әкесі Сағынайға жасаған асынан көруге болады. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуінде» Сағынайдың дәулеті сөз болады. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасында, Сәкен Жүнісовтың «Ақан серісінде» аталған астың ауқымы мен оған кеткен аста төк байлық суреттеледі. ” дейді.

Ал, ЖҰМАБАЙ ЕСЕКЕЕВ, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ӨНЕРТАНУШЫ:
“Нұрмағамбет «Паң Нұрмағамбет» – болыс болған ол. Үлкен болысты басқарған. Паң Нұрмағамбеттің әкесі Сағынай. Сағынайдың жомарттғы жағынан немесе сараңдық жағын мен айта алмаймын. Оның ондайы жоқ, оны айтпайды ондай.

Тіпті, кей деректерде үнді жерінде бой көтерген Тәж-Махал кесенесіне жұмсалған қаржыдан Сағынайдың асына жұмсалған дүние асып кетеді дейді. Қазақ даласының дәулетін суреттейтін мұндай астар жер-жерде болып отырған. Сағынайдың асы 1886 жылы өтіпті. Ол асқа 500 ақ үй тігіліп, оған 500 бұхар кілем ілінді. 5 тонна шай әкелініп, жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Қазан қалаларынан алынды. 10 мың көрпе-жастық, қонақтарға сыйлауға 500 бұхар шапаны әкелініп, Сібірден 500 бағалы аң терісі алынды. 20 мың қой, 100 жылқы сойылды. Ал бертін келе 20 ғасырдың басында Жетісу жерінде де Қабанбайдың ұрпағы Сүлейменге үлкен ас беріліпті. Сол аста қазақ әдебиетін дамытуға қазақ байларының тарапынан үлкен қадам жасалады. ”


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*