Жаңалықтар

Астанада Ер Жәнібектің 300 жылдығы аталып өтіледі

Ертең Астанада Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық тойына арналған іс-шаралар басталады.

Қазақтың біртуар батыр ұлы Ер Жәнібектің 300 жылдық тойы халықаралық деңгейде атап өтілуде. Осыған орай ертең Астана мен Ақмола облысында бірқатар маңызды шаралар өтеді. Атап айтсақ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібек Бердәулет ұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Ақмола облысының Целиноград ауданы, Қоянды ауылында Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған  мәдени шаралардың күн тәртібі мынадай болып бекітілген:
19 маусымда аралығында Қоянды ауылында Батыр рухына арналған ас беріледі. Осы күні жастар мен жасөспірімдер арасында «белбеу күрестен» республикалық чемпионат өтеді.
Сонымен қатар, Республикалық деңгейдегі түйе палуандар арасындағы қазақша күрестен чемпионат өткізу де жоспарланған.
Қоянды ауылының орталығында Батырға арналған ескерткіштің іргетасын қалау рәсімі өтіп, Қоянды ауылының бір көшесінің атын Ер Жәнібек батырдың атына беру рәсімі де ел рухын көтеретін шаралардың қатарында болып отыр.
Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойна арналған іс-шаралардың қорытындысы алдағы қазан айында Қоянды ауылына  батырдың атқа мінген ескерткішін ашу салтанатымен аяқталмақ.

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*