Кітапхана

Ерлер мінген арғымақ

Мағаз Ретбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы келтірілген көп дүниелер өшкенімізді қайта  жаққандай әр бір қазақстандаққа тың серпін, жаңа бағдар бергені бәрімізге аян. Мәселен, «Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген», – дей келе, тарихымызды ұлықтай түсуге бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында осы ұлан-байтақ жерімізді ата бабаларымыздың қалай қорғап қалғаны жайында айта келіп, қазақ тарихындағы жылқының рөлін айқындап береді. Бұл жайында аталмыш мақаланың «Атқа міну мәдениеті» атты бөлігінде айқын далел көрсетілген.

Біздің міндет елбасының осы бағыт-бағдарын көзге ұстай отырып, тарихтағы арғымақ мінгіп ел қорғаған батырлар рухын бүгінгі жас ұрпаққа жеткізу. Мақалада айтылғандай «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» болғандықтан, атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағанын ұғындыру.

Ол үшін жылқы турасында балаларға арналып жазылған жаңа шығармалар болуы керек деп білемін. Осы уақытқа дейін айтылып келе жатқан шығармалар ескірді. Заман өзгерді. Заманмен бірге ұлттың да идеясы өзгерді. Кешегі Кеңестік кезде жазылған шығармаларда сол дәуірдің идеясы басым екені анық. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің еркін ұл-қыздарына тәуелсіз әдебиет қажет. Осы мақсатта ғасырлар қатпарында жатқан бабалар тағылымын қайта парақтап көрдім. Жылқының көшпенділер өмірінен алатын орыны ерекше екенін тағыда бір санама түйдім.

Қазақ даласында ел қорғайтын бір батыр туса онымен бірге тұлпары да бірге туатыны ақиқат. Оны сонау бала кезімізден бірі естіп жүрген батырлар туралы жыр мен аңыздардан айқын аңғарамыз. Мысылға айтсақ: Ертөстіктің Шалқұйрығы, Ертарғынның Тарланы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, жоңғар шапқыншылығы тұсындағы Қабанбайдың Қубас аты, жақынғы тарихымыздағы Исатайдың Ақтабаны.

Осылардың барлығы ұрпақ санасында үлгі болып сіңіп, жатталып қалуы үшын қалам тербедім. Ертегідегі Ертөстіктен бастап Исатайға дейінгі ерлер мінген арғымақты өлең тілімен тізбелеп шықтым. Өйткені өлең тілі есте тез сақталып қалатын жаныр. Осығанға дейінгі ауыз әдебиетіміз де осы өлең тілі арқылы бізге жатталып жетіп отыр. Біздікі елбасының сарабдал саясатына үн қосып, ұрпақ санасы рухани жаңғырса деген жақсы ниет. Ендеше өлеңнің мәтінін назарларыңызға ұсынайын:

Ерлер мінген арғымақ

Ертегілер елінде,
Аңыздарда өрілген.
Ерлер мінген арғымақ,
Құйрық-жалы төгілген.

Тұлпар мініп ту алған,
Бабаң қызса ұранға,
Қара тамақ найзасын,
Намысына суарған.

Батыр елдің көрігі,
Серттің тастай берігі.
Ел қорғаса тұлпары,
Жан жолдасы, серігі.

Шалқұйрық:
Желдей есіп жал-құйрық,
Қырдан асса сан құйғып,
Қақ айырылған қара жер,
Шапқан кезде Шалқұйрық.

Үстіндегі Ертөстік,
Елге теңдік бер Төстік.
Кездігіңді ал Төстік,

Кенжекейге бар Төстік…
Шалқұйрыққа тіл бітіп,
Шапқылайды құйғытып.
Табанының астынан,
Тау мен тасты сырғытып.

Керқұла:
Жазылғанда кең құлашы,
Кендебайдың Керқұласы.
Қас қағымда келеді екен,
Бір күншілік жолды басып.

Құлынында құлан емген,
Жарысады құба желмен.
Кендебай ер дұшпан келсе,
Керқұла атпен шыға келген.

Кендебайдың Керқұласы,
Шапса жүйрік, кең құлашы.
Есте сақта бүгінгі ұрпақ,
Ертегілер – ел мұрасы.

Тарлан:
Арғымағы – Тарланы,
Ақжүнісі – жан жары.
Есен сақтау ел-жұртын,
Ертарғынның арманы.

Тарғын атқа мінгенде,
Жауға қарсы жүргенде,
Қорған болған Тарланы,
Топ ішіне кіргенде.

Елім деген Ер Тарғын,
Қорамсаққа қол салғын.
Тарланымен тілдескен,
Жауға қарсы жортар күн.

Қарақасқа:
Сауыт киіп, жарақ асқан,
Қамбар жауға араласса.
Төрт аяғын дара басқан,
Тақымында Қарақасқа.

Қарақасқа арғымағы,
Жортқан жолын шаң қылады.
Кісінесе кең даланың,
Апай төсі жаңғырады.

Қорған болған бар Алашқа,
Қамбар менен Қарақасқа.
Тұлпар мінген ер аманда,
Жағаңа кім жағаласпақ.

Тайбурыл:
Ерте-ерте, ертеде,
Қобыланды батыр бала еді,
Тақымында тебінген,
Бурыл тайы бар еді.

Ер жүрек боп ержетті,
Ел қорғады сол бала.
Тайбурылмен тап берді,
Жау шапқанда ордаға.

Қобыланды мен Тайбурыл,
Даңқы көктен ары асқан.
Жырға айналды ерлігі,
Қорған болған Алашқа.

Байшұбар:
Күн артынан күн шығар,
Ай артынан ай шығар,
Кең далада кісінеп,
Шапқылайды Байшұбар.

Үстіндегі Алпамыс,
Алаш білген алты арыс.
Жауға шапса азуы,
Алты қарыс жолбарыс.

Алпамыс пен Байшұбар,
Бес қаруы сай шығар.
Батыр мінсе тұлпары,
Қос құлағын қайшылар.

Көкбалақ:
Қалың Жоңғар көп Қазақты,
Тосын шауып отқа орапты.
Сонда Абылай көп ішінен,
Таңдап мінген Көкбалақты.

Жеткізбеген атқан оққа,
Жүйрік жетпес Көкбалаққа.
Алмас қылыш Абылайдай,
Ерге біткен қос қанатқа!

Төрт тұрманын сай қылып тең,
Жүрген дейді сәйгүлікпен.
«Көкбалақ» деп күй қалыпты,
Аңыз баба Бәйжігіттен.

Қубас ат:
Қубас мінген Қабанбайды,
Көргенде жау алаңдайды.
Қаптап келген қалың Жоңғар,
Маңына да бара алмайды.

Жорықтарда жүріп тағы,
Кесапатты құрықтады.
Жетпісінде жау қайтарған,
Қубас атпен қырықтағы.

Ерін алмай Қубас аттан,
Жауға қарсы тура шапқан.
Әруақты, батыр баба,
Рухы жебеп мың жасатқан.

Көкдөнен:
Ат жақсысы ерге қанат,
Ел тағдыры ерге аманат.
Ер Жәнібек ереуілге,
Мінген дейді Көкдөнен ат.

Ел қамы деп, жер қамы деп,
Көкбөрілі Ер Жәнібек.
Көкдөненмен қол бастапты,
Қалың елдің қорғаны боп.

Жәнібектің көкдөнені.
Кербез тұлпар кермедегі.
«Көкдөнендей» халық күйі,
Тым арыдан тербеледі.

Ақтабан:
Ақтабан ат, Ақтабан ат,
«Шыбын жаным Хаққа аманат»,
Деп Исатай елі үшін,
Ұран салап атқа қонад.

Ақтабан ат, Ақтабан ат,
Қашқан жауды шапқан орап.
Дүр сілкініп ояныпты,
Отарлықта жатқан алап.

Исатайдың Ақтабаны,
Еркіндіктің от жанары.
Тәуелсіз ел ұл-қыздары,
Білу керек жатқа бәрі.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі»,-деп жылқы мінген сарбаз бейнесінің маңызын айқын атап өтеді. Ендеше бабалар рухы ұрпақ санасында қайта жаңғырып, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болғай!

http://zhasorken.kz/

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*