Жаңалықтар

Зуқа батырдың мерейтой жоспары “Дүниежүзі қазақтар қауымдастығында” бекітілді

лог

Астана. 11 наурыз. Baq.kz – Алматыда 10 наурыз күні “Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы”

төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасы мүшелерін қабылдады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге ұйымдастыру алқасы төрағасының халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Өмірхан Алтын, Қазақстан бойынша төрағасы Нұрбек Нұрахмет, “Ер-Жәнібек халықаралық қорының” вице-президенті Мұхамедхан Омаров және «Жезбұйда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ақын Талапбек Тынысбекұлы қатысты.

Онда мерейтойдың іс-шаралар жоспары бекітіліп, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Зуқа батырдың 150 жылдығына орай қайта басылатын Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» мен Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романдарының баспаға дайындық жұмыстары сөз болды.

Дереккөз: БАҚ.кз


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*