Шежіре

Сауыр-Сайқан деректері: Ер Балапан өлімі 

Меркіт кіші атасы Төлеміс ауылынын шыққан Ер Балапан 1834 жылы қайтыс болып, Сәрсеке бұлағы, тау бөкетінің батыс жақ  жағасына жерленген. сол дәуірде осы Ласты өзенін Сәрсеке бұлағы деп атаған.  Сүйінбай әрсеке руының кіші атасыТүкібай Тастемір ауылынан Самеке дегеннің Зейнеке, Мәскен, Бәтима дегендеген үш қызы Сәлім деген кісі болган екен. Мәскен ер жетіп, арғы беттегі нағашысы
қалмақ Сергүн баласы Серемен уағдаласып, қашпақшы болады. Дархан жазығында
отырған Түкібай Барқы елі, Мәскен қызды алып қаламыз деп, ел жиналып, батыр
Балапанды шақырып, қыз алушылармен соғысады. Қарсы жағын ырықсыз күйге
түсіргенде,  жау  жағының  тыңнан  келген  қолы,  бір  жағынан  кіріп,  қызды  алып
кеткенде,  Балапан  мен  Түкібай  елінің  батыры  Қозжан  екеуі  бірігіп,  қуып  жетіп,
соғыс салған. Сол кездегі астындағы көкқасқа керігі алып қашып, ырық бермей,
Манақы күзеулігі Көктөбе деген жерге жауды қамап алғанда, марқұм батыр Балапан
астындағы  атымен  бірак  жартастан  құлап,  өлген  екен.  Күні  бүгін  Балапан  өлген
Көктөбе деп аңыз қылады. Балапан өлген соң қызды алып қашып кеткен. Жауды
өкшелей қуған ел, Бесік дарасына дейін қуып, қалмақтың бір адамын өлтіріп, атын
алып келген. Құрымбек деген жігіт ауыр жаралы болып, Мәскенді Сере алып кетіп,
кейін Мәскен аурудан өліпті. Мұңғылдар мен қалмақтардың құн дауы болғанда, екі
жағының адам өлімі тең болып, дау түбі осылай шешілген екен.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*