Әдебиет

Төлебай Бөжекұлы

 Төлебай Бөжекұлы Қытай қазақтарына ежелден аты таныс әйгілі ақын. Оның үлкенді – кішілі өлеңдері, айтыстары, дастандары, қағытпалары және басқа жанрда қалдырған шығармалары біреуден біреу естіп, ауыздан – ауызға таралып Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылып отыр.

Төлебайдың аты көп жерлерде Төлеубай деп қата айтылып жүр. Төлебай Бөжекұлы руы Керей ішінде Жантекекй. Жантекей ішінде Шүйіншіәлі, Оның ішінде Қожамжар, Қожамжар ішінде Ботақара, Ботақара ішінде Тыныбек. Тыныбектен Нұра, Нұрадан Апаш, Апаштан Мәмен, Мәменнен Бөжек, Бөжектен Төлебай. Өз тегін ақын былай жырлаған:

Жантекей, Шүйіншіәлі, Қожамжармын,

Ботақара, Тыныбек білсең жайым.

Нұра, Апаш, атам Мәмен, әкем Бөжек,

Айтысқан сеніменен Төлебайың, – деген өлеңдерінен біле аламыз. Ал, шешесінің аты Обиға Өсерқызы. Нағашы жұрты Арғын руы болып, Ырғызбайдан Өскенбай мен Өсер, Өскенбайдан Құнанбай, Одан Абай туса, Өсерден Обиға, Обиғадан Төлебай туған. Үлкендердің айтуында Төлебайға ақындық осы нағашы жұртынан дарыған деген сөз бар. Әйелінің аты Майлыбала, бір ғана әйел алған.

Төлебай Алтай тауының күнгейіндегі Алағақ деп аталатын бөктер жазықта, кейінгі ел «Төлебай шиі» деп атап кеткен аумақта 1855 жылы Бөжек Мәменұлының отбасында дүниеге келген. Бұл туралы ақын өлеңінде:

Атыңнан айналайын патша құдай,

Көңілім бір күн тұнық, бір күн лай.

Елуге келді жасым, жылым қоян,

Көремін қандай заман мұнан былай, – деп жырлайды.

Ттөлебайдың өмірден өткен жылы мен жері талас – тартыссыз 1924 жылы, ел Арал жайлауының Қаңғыты деген жерінде отырғанда, 69 жасында  қайтыс болған делінген. Бұл туралы ақын өлеңіндегі:

Алпыстың асып асуын,

Жетпіске таяп келемін.

Немесе:

Жетпіске келем тақымдап,

Ойлағанда кетемін, өліміме жақындап, – деген өлең жолдарынан да аңғаруға болады.Төлебайда бес ұл, бір қыз болған Ақынның ұрпақтары қазіргі кезде Қазақстан, Қытай және Монғолия елдеріндегі қазақтар қоныстанған аумақта тұрып жатыр.

 

Төлебай Бөжекұлының өлеңдері

Ал, Төлебай сөйлейді.

 Ал, Төлебай сөйлейді.

Өз кейпіне қарамай.

Алпысында шарпиды,

Алты жасар баладай.

Ажал жетсе жөнелер,

Алты – артына қарамай.

Тірнектей жиған малынан,

Бірей де ұстап қала алмай.

Қадірді құдай кетірме,

Үйдегі келін, балаға – ай.

Қылғанда кедей құдайым,

Байларың кетті қарамай.

 

Өлең десе қызыл тіл,

Көсіле шабар тұлпардай.

Топты көрсе қызыл тіл,

Қоянға түскен сұңқардай.

Үйге келсе қу көңіл,

Күйесі өскен қазандай.

Инабатты болса алғаның,

Бетіңе жүрер қарамай.

Ибасыз болса алғаның,

Үйіңе қонақ жоламай,

Бетіңді жыртар додадай.

Жақсы туса өзіңнен,

Бетіңе жүрер қарамай.

Жаман туса өзіңнен,

Өзіңді кетер санамай.

Қайырымсыз туған өз балаң,

Қасыңа жүрер жоламай.

Шайпау туған өз балаң,

Сөзін сөйлер тездетіп,

Алды –артын істің болжамай.

Еріншек туса өз балаң,

Қала берер ойанбай.

Пысық туса өз балаң,

Мұрынын тескен тайлақтай.

Әдепті болса келінің,

Сөз сөйлейді ибамен,

Жаңа туған баладай.

Жақсы қызың бар болса,

Көкорай шалғын жайлаудай.

Жаман қызың бар болса,

Көңі өскен қорадай.

Жақсы күйеу бар болса,

Қар бетінде қояндай.

Жаман күйеу бар болса,

Қаңтардағы аяздай.

Жақсы жиен бар борлса,

Жарменкелі базардай.

Жаман жиен бар болса,

Тозығы жеткен қағаздай.

Жақсы құдаң бар болса,

Барын берер аянбай.

Жаман құдаң бар болса,

Маңыңнан кетер жоламай.

 

Аз күн өмір, кең жалған,

Әр кім үшін өзі хан.

Шайнайтұғын тісім жоқ,

Қарманатын күшім жоқ,

Босқа сөйлеп отырған,

Қуыс кеуде шыбын жан.

Малдан қызық көргенің,

Кертіп – кесіп шайнаған.

Жаннан қызық көргенің,

Жарыңмен күліп ойнаған.

Екеуінен қалған соң,

Қожырарсың жалғаннан.

Жақсылықтың белгісі,

Арғылықтан ойлаған.

Жамандықтың белгісі,

Жалғаз басын қорғаған.

Томрықтың мінезі,

Шолақ иттей тулаған.

Құр ұмтлып озбайды,

Өнер – білім болмаған.

Бұл жалғанның қорлығы,

Өз үйіңнен тоймаған.

 

Келінің айғар болғанда,

Кемпірің саяқ көрінді.

Әкең келсе алпысқа,

Ақысыз құл, көнімді.

Жалған өтіп барады,

Бізден бір күн қалады.

Тас басаға, тары есік,

Заман қандай болады.

Жазуыңа тоқтатар,

Екі тілек берместен,

Бір күн ажал соғады,

Хабар – ошар келместен.

Жоққа берсең асыңды,

Тәңір силар басыңды.

Өзің тойыа, жан атып,

Жын сасытпа қасыңды.ъ

Екі жетім оңалмас,

Күйген тыртық жоғалмас.

 

Қатыны өлген шал жетім,

Өнері жоқ табатын.

Өлмеген құл көрмей ме,

Сыбағалы қажатын.

 

Жақсы өлсе егерде,

Түсіреді беліңді,

Жаман өлсе егер де,

Кеңітеді жеріңді.

Жақсыменен сөйлессең,

Көңілдегі бітеді.

Жаманменен сөйлессең,

Тғалақпен түртеді.

Жақсылықты іздеген,

Мұратына жетеді.

Жамандықпен жұғысқан,

Адасумен өтді.

Азды  – көпті өмірің,

Бір күнгідей кетеді.

Ықыласыңа лайық,

Пейіліңе бітеді.

Қадірлі болсаң досыңа,

Бәріңді де күтеді.

Кебенек киген үмітті,

Кебін киген келмейді.

Кеудеснен жан шықса,

Шақырса жауап бермейді.

Ақылы бар мұсылман,

Екі жағын көдейді.

Ақлы жоқ ауызы бос,

Өлшеуі жоқ сөйлейді.

 

Өлім рас білгенге,

Иман деп жүр тигенге.

Анық жаның шыққан соң,

Хош айтасың дүниеге.

Кісіге қылған жамандық,

Өз басыңа қас болар.

Жақсы бала боп туса,

Ауылыңа бас болар.

Жаман бала боп туса,

Өміріңе қас болар.

Адалдан ішкен тамағың,

Қарыныңа ас болар.

Арам болса ішкенің,

Жұмырыңа тас болар.

 

Байдан қайыр сұрасаң,

Бір тоқтысын қимайды.

Ажал арсыз кеп қалса,

Титттей мойын бұрмайды.

Жаман әйел ыдысын,

Етегімен былғайды.

Орыны жоқ өтірік,

Ауызыма симайды.

Бай құдайдың еркесі,

Тартпай қолын сермесе,

Би халқының серкесі,

Ақылын тауып сөйлесе.

Көпті көрген Төлебай,

Көз көргенін сөйлейді.

 

Өткеннің өнері жоқ өкінгенмен.

Өткеннің өнері жоқ өкінгенмен,

Тірінің қалары жоқ бекінгенмен.

Қорықпас ажал келсе бай кісі деп,

Сұрамас аты – жөні қай кісі деп.

 

Жақсыны жаратады құдай қалап,

Жаманман ажал соғар бірге санап.

Жас – кәрі, жаман – жақсы ажалға бір,

Ақы алып, аял бермес тілге қарап.

 

Құдай-ау, айналайын құдыреттен,

Аяған нәрсесі не біз үмбеттен.

Төсінен анамыздың көрек беріп,

Шығардың аппақ сүтті қызыл еттен.

Ей, Алла, өзің сауап бер,

Мұсылман қылып жараттың.

Жүзімізді оңғарып,

Қыбылаға қараттың.

Жанның юәрін жылаттың,

Жалғыз қылдан шұбаттың.

 

Өмір асыл жүргенге,

Иман асыл тигенге.

Өлеріңді білген соң,

Жамандықты үйренбе.

Күнә – жазаң аударар,

Таразыға тигенде.

Нас масқара болармыз,

Тәңірі алдына кіргенде.

 

Көрді көр де тәубә қыл,

Мен де осыған енем деп.

Жамандыққа бұлғанба,

Көбейер күнәң тереңдеп.

 

Байға мүйіз шыққан жоқ,

Артық асап тойғанмен.

Бір ат мініп шыққан жоқ,

Сайгүлікті болғанмен.

Жарлы мен бай бір жатыр,

Томпайып топырақ қойған тең.

 

Мен жарлының бірімін,

Айырма құдай иманнан.

Ақырет қамын ойласам,

Байда болмас жиғаннан.

 

Қамшы қайрат бермейді,

Жүрімі жоқ шабанға.

Ақыл айтсаң қонбайды,

Ұғымы жоқ жаманға.

 

Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.

Жаман кісіге мал бітсе,

Жанына қонсы жайлатпас.

 

Бай мен кедей.

Байды құдай атты ғой,

Жабағы жүнін сатты ғой.

Кедей қайтып күн көрер,

Жаз жатақта жатты ғой.

 

Қысты күні болғанд жалғыз сиырын сояды.

Тайыншасын Ноғайға,

Қағаздатып қояды.

Қылымсыған әйелі,

Қызыл көйлек киеді.

Өз күйеуін менсінбей,

Көрінгенді сүйеді.

Пендесіне тозақ жоқ,

Соныменен күйеді.

 

Балалары мен келіндеріне айтқаны.

 

Білімсіз біткен балаға,

Міндет емес әкелік.

Безбейтұғын болған соң,

Берген жөн ғой әкеліп.

Білімсіз біткен келінге,

Міндет емес енелік,

Азды – көпті ауқатын,

Өз қолына берелік.

Імбілде деМекке бар,

Жақсылыққа жетелік.

Аз күн өмір, кең жалған,

Төбелеспей кетелік.

 

Өз кейбіне қарамай…

Ал төлебай сөйлейді,

Өз кейпіне қарамай.

Алпысында шарпиды,

Алты жасар баладай.

Азды көпті дәнінен,

Бір уыстап ала алмай.

 

Ажал сабыр берген соң,

Алпыстың келдім бесіне.

Бір қайғыны ойласам,

Сан қайғы түсер есіме.

Өлшеулі өмір болған соң,

Өкінемін несіне.

Алпыс жасым ұқсайды,

Жалғыз көрген түсіме.

Не қылса да тәубе қыл,

Бір Алланың ісіне.

 

Аз күн өмір, кең жалған,

Қызығың болса көреді.

Қол ұмтылып жетпейді,

Құдай өзі бреді.

 

Малдан қызық көгенің,

Қия кесіп шайнаған.

Жаннан қызық көргенің,

Жарыңменен ойнаған.

Екеуінен қалған соң,

Қожырайсың жалғаннан.

 

Бұл жалғанның қорлығы,

Өз үйінен тоймаған,

Ақылсыздың белгісі,

Жалғыз басын ойлаған.

Білімдінің белгісі,

Дүниені болжаған.

 

Үйден дәмі таусылған,

Бүргенсе де өледі.

Түзден дәмі таусылған,

Адасса да келеді.

Ақылды адам Алланың,

Ақырына көнеді.

Бір қой өлсе ақымақ,

Қойшысынан көреді.

Ниетің лайық,

Пейіліңе береді.

 

Мал дүниенің қадірі,

Иесі болса еретін.

Балалы үй базарлы,

Тамағы болса беретін.

Жеті күннен, он екі ай,

Есепке тура келетін.

Онсегіз мың ғаламбыз,

Күн талғамай өлетін.

Иман жолдас болмаса,

Қолыңа түк жоқ алатын,

Құдай әмір қылған жоқ,

Ат, азыықпен баратын.

Алты қанат ақ орда,

Бәріңізден қалатын.

Жақсылыққа періште,

Түзіу жолда тұратын.

Ібіліс пен шайтан ғой,

Қисық жолға баратын.

Менен бұрын сұрақшың,

Алдыңа барып тұратын.

Тас босаға тары есік,

Баратының жер бесік.

Айналайын жаппар Хақ,

Жалғыз өзің қуатым.

Айналайын бар құдай,

Мұсылман қылып жараттың.

Жүзімізді оңалтып,

Қыбылаға қараттың.

Асты тозақ, алды жұмақ,

Жалғыз қылдан шұбаттың.

Бір пендеңді алғанда,

Зарлатып артын жылаттың.

 

Көп пайғампар жылайды,

Өздерінің жаны үшін.

Хақ пайғампар жылайды,

Үмбетінің қамы үшін.

Жұмақ, тозақ жараттың,

Хақ әмірдің бары үшін.

Шулаған халық жылайды,

Қияметтің зары үшін.

 

Ауыру, мұңлы, кәріптер,

Түкке қолы жетпейді.

Жанның бәрі талпынып,

Байымаққа бетттейді.

Басын тасқа ұрғанмен,

Бағы жоққа бітпейді.

Мұсылманның наданы,

Құлшылығын күтпейді.

Жаяу қонақ кеп қонса,

Көже ішседе сөкпейді.

Атты қонақ кеп қалса,

Иал сойдырып ет жейді.

Арық малың өлгенде,

Адам сойып бермейді.

Жарлы ксі өлгенде,

Жан жиылып келмейді.

Бай өлсін де, хан өлсін,

Өлгенде бірдей тергейді.

Күң өлсін не құл өлсін,

Өлгенде бірдей тергейді.

Кәрі өлсін не бала өлсі,

Өлгенде бірдей тергейді.

көпті көрген Төлебай,

Көз көргенін сөйлейді.

 

Көлденеңнен ұмтылған,

Құдайсыз іс қылмайды.

Кейбір надан, тоғышар,

Ішпей – жемей жемей жинайды.

Қылмыстыны бір Алла,

Өлген күні қинайды.

Жақсы бала анасын,

Бір мінезбен силайды.

Жаман бала тыртысып,

Күшік иттей тулайды.

Жақсы қатын нәрсесін,

Қолыменен жинайды.

Жаман қатын нәрсесін,

Етегімен былғайды.

 

Арық семіз болады,

Аса күті баққанға.

Дәулет иман қонады,

Шартын ұстап тапқанға.

Мылтық атса тимейді,

От қаптаса күймейді,

Қаза жетпей өлмейді,

Құдай өзі қаққанда.

 

Жақсы лепіс пендеге,

Жарым ырыс бітеді.

Қатты мінез пендеден,

Жаым иман кетеді.

Жақсыменен сөйлессең,

Ішіңдегі бітеді.

Жаманменен сөйлессең,

Аяғымен түртеді.

Жақсылыққа жақсылық,

Жүре жолды белгіле.

Күнде көктеп бітпес дау,

Ала болса үй іші.

Алладан әмір болған күн,

Әркімнің бітер жұмысы.

Келін айғыр болғанда,

Кемаір саяқ келеді.

Әкең келсе алпысқа,

Құлыңдай іске көнеді.

Жақсы өлсе саялы,

Түсіреді бетіңді.

Жаман өлсе баянсыз,

Кеңітеді жеріңді.

Жаназаңда жақсылар,

Қадірлеп оқыр еліңде.

 

Жақсыға бер асыңды,

Төрге сүйрер басыңды.

Өзің тойып отырма,

Боқ сасытып қасыңды.

 

Өтіп жалған барады.

Өтіп жалған барады,

Бір күн бізден қалады.

Тас босаға, тары есік,

Барар жерің жер бесік,

Заман қандай болады.

Жалған өтіп барады,

Жалғағанға келместен.

Жазуына тоқтатты,

Екі тілек берместен.

Бір күн ажал соғады,

Хабар – ошар берместен.

Айналыстың бір сапар,

Азғана күн жалғанмен.

 

Өтірік айтсаң зауалың,

Ауызыңды ашсаң нанамын.

Өтірікті малданба,

Жаныңа қас обалың.

Құдайыңа жүрмейді,

Қулық пенен амалың.

Өлген күні көт ашар,

Мына жүрген заманың.

 

Жақсылыққа жақсылық,

Сауабыңа хош болар.

Жақсылыққа жамандық,

Иманыңа қас болар.

Жақсы бала боп туса,

Ауылыңа бас болар.

Жаман болса ержетпей,

Өмірінше жас болар.

Алалдап ішкен тамағың,

Қарыныңа барып ас болар.

Арам болса жұтқаның,

Жұмырыңа тас болар.

 

Өмір асыл білгенге,

Иман асыл тигенге.

Өлеріңді білген соң,

Жамандықты үйренбе.

Жамандық қыс жаныңа,

Қара жерге кіргенде.

Күна жазаң аударар,

Таразыға ілгенде.

Таудай күна арқалап,

Бірін – бірі қалқалап,

Қас масқара болармыз,

Тәңірі алдына кіргенде.

Айналайын жаппар Қах,

Жалғыз өзің қуатым.

Көрмесем де естіп ап,

Осылай деп шұбаттым.

Бай жалғанның еркесі,

Тарытпай қолын сермесе.

Би ұлықтың серкесі,

Ақылын тауып сөйлесе.

Ақыл қымбат, бақ қымбат,

Аллаң арнап бермесе.

Базарда жоқ, елде жоқ,

Саудасына іздесе.

Көкте де жоқ, жерде де жоқ,

Өмірінше көздесе.

 

Ақын Төкең мен едім,

Қара сөзім жырлаған.

Қаупым – тозақ, көңілім – жұмақ,

Қайғыдан көңілі тынбаған.

Аллаңыз ерік берген жоқ,

Әуелден ернеп сызбаған.

Малға жарлының бірімін,

Айырма Алла иманнан.

 

Елі жетім оңалмас,

Күйген тыртық жоғалмас.

Тәңірі берген несібең,

Таласы жоқ кім алмас.

Қатыны өлген шал жетім,

Өнері жоқ табатын.

Иен қалған мал жетім,

Иесі жоқ бағатын.

Жарлы байып, жас өсер,

Өлмеген құл көрмей ме,

Сыбағалы қажатын.

 

Аллалдықпен халлал қыл,

Ақырында көрем деп.

Көрді көр де, тәубе қыл,

Мен осыған енем деп.

 

Періште мен ақыл ғой,

Жақсылыққа қоятын.

Нәасі менен шайтан ғой,

Жамандыққа бұратын.

Күнің бітсе ажал бар,

Үйден көрге тығатын.

Сұраушы бар алдыңда,

Дайындалып тұратын.

Қамшы қайрат бермейді,

Тебіні жоқ шабанға.

Ақыл айтсаң қонбайды,

Ұғымы жоқ жаманға.

Әдеппенен оттас бол,

Қайыры жоқ сараңға.

Қайғырып жеген етіңнен,

Қайғысыз ішкен су артық.

Қайғырып көрген күніңнен,

Қара тұман түн артық.

Жазасы көп патшадан,

Иманды өткен құл артық.

Қайғырған жарық ханыңнан,

Қара тонды күң артық.

Кей адамды қояды,

Көңіл қолын ұзартып.

Кей бейбаққа қоймай ма,

Өмірінше жүк артып.

 

Балалы үй базарлы,

Тамағы болса беретін.

Мал дүниенің кеңдігі,

Иесі болса еретін.

Он екі ай мен жеті күн,

Есеаке тура келетін.

Жаратушы бір Алла,

Бәрін өлшеп беретін.

 

Қасқыр жеп жақсылықты ұры алмайды.

Шырағым, құдай деген құр қалмайды,

Қасқыр жеп жақсылықты ұры алмайды.

Бермейді қайыр, зекет сараң байлар,

Сатқыштар жөн, терісін тек алмайды.

Жалбарып не қылдым деп жалғыз Хаққа,

Өзінің не қылғанын біле алмайды.

 

Күмістен алтын аотық жиғаныңа,

Жетпейді таудай алтын иманыңа.

Құдайға адал жүріп, құлшылық қыл,

Күпиме күпі ішіне сиғаныңа.

 

Хауата, Нұх пайғампар түп атамыз,

Жалғанды күна сөзбен жұбатамыз.

Кетеді біреу анда, біреу мұнда,

Япыр – ау, қандай жерден дәм татамыз.

 

Шарасыз қызды берсең шалғатиер,

Амалсыз жарлы жігіт жалға жүрер.

Билеген тоқсан шаһар хан болсаң да,

Қу денең өлген күні көрге кірер.

 

Салады ажал қайтып келмес жолға,

Бір сабақ жіп ұсталмас екі қолға.

Өткенді кеткенімен өкініш қып,

Түседі өнбес қайғың сол күні ойға.

 

Атыңнан айналайын жалғыз Хақым,

Жазуша көңілге ермес, берген бағың.

Сайраймын тірішілікте бұлбұлдай боп,

Шірійді қандай жерде тіл мен жағым.

Сұраймын иман байлық, денге саулық,

Қай күнде қайғы еткенім жалғыз жаным.

 

Атыңнан айналайын Хақ – тағала,

Қай күнде ғарып жанға болған пана.

Жан қылып жазуынша жаратып ең,

Барғанда ақыретке қор қылма Алла.

 

Атыңнан айналайын патша құдай,

Көңілім бір күн тұнық, бір күн ылай.

Елуге келді жасым, жылым қоян,

Көремін қандай заман мұнан былай.

 

 

Сөйлейін сөйле десең сөз шығарып.

 

Сөйлейін сөйле десең сөз шығарып,

Отырмын уәрілік жеңіп, бас қуарып.

Жалғанның қызығы бар, арты шолақ.

Болады жан денеге аз күн қонақ.

Аз күнге ажал сабыр берсе дағы,

Кәрілік қоймай барар бастан тонап.

 

Ауыздан шайнайтұғын кетті тісім,

Құдырет кім көнбейді салған ісін.

Жиырма, отыз, қырық өтіп кетті,

Секілді жалғыз күнгі көрген түсім.

 

Кетеді өскеннен соң ұл жайына,

Қыз қарар ер жігіттің ыңғайына.

Сөйлесем басқа сөзді күн табылар,

Әуелі сиынайын құдайыма.

 

Атыңнан айналайын жаппар құдай,

Көңілім бір күн тұнық, бір күн ылай.

Алпыстан кеттім асып, жылым қоян,

Көремін қандай заман бұдан былай.

 

Төлебай менің атым туғанымнан,

Аз-ақ күн ішіп жеймін жиғанымнан.

Пайда жоқ өлген күні жиған малдан,

Жалғыз Қах айырма Алла жиғанымнан.

 

Төлебай менің атым, тірімізде,

Әр күні дене қонақ үйімізге.

Пендеге ажалды күн ақыр заман,

Келерін қай күн жетіп білеміз бе?!

 

Төлебай менің атым, өзім барда,

Сиынам жатсам – тұрсам жалғыз жарға.

Жан қылып, жоқтан бар қып жаратып ең,

Басқаға бір өзіңнен қор қылма Алла.

 

Жігіттер ақыл ойла алшақтамай,

Болмайсың өзің жақсы жұрт мақтамай.

Жүрер жол, кірер көрдің қамын ойла,

Тойыа ап тамағыңа ырғақтамай.

 

Жігіттер иман тіле құдыреттен,

Аяған нәрсесі жоқ біздің беттен.

Төсінен анамыздың сүт шығарып,

Шығарған адам етіп қызыл еттен.

 

Жігіттер иман тіле құдайыңнан,

Пайда жоқ өлген күні уайымнан.

Табатын иман ғана жалғыз жүрек,

Бір тиын пайда болмас жиғаныңнан.

 

Жігіттер иман қымбат, күнә тегін,

Кигізер қаза жетсе бойға кебін.

Өлген күн паріштең дос, шайтаның қас,

Берсін – ақ, құдай сонда өзі жөнін.

 

Жігіттер нәпсің оттан, көңілің судан,

Алланың әмірі осы өзі қылған.

Өмірің соққан желдей өте шығар,

Қаза жетсе қасыңда қалады иман.

 

Өткеннің өнері жоқ өкінгенмен,

Ажал келсе қаларжоқ бекінгенмен.

Оңғарсын өлген күні алдымыздан,

Пәни жалған көрген түс секілденген.

 

Көрмейді құдай артық би екен деп,

Сұрамас аты – жөні кім екен деп.

Ісі бұрыс, жүрегі ауыр болып барса,

Сонда өкінер қылғанын күнә екен деп.

 

Көрмейді құдай артық кісі екен деп,

Сұрамас аты – жөнін кісі екен деп.

Салмақтап жамандық пен жақсылықты,

Жаманын мойынына артар өз ісі деп.

 

Ақын деп Төлебайды ел мақтайды,

Ал біреу тілі ашты деп жақтымайды.

Әркімнің әрбір түрлі мінезі бар,

Кемірген жұмыр басты жан жақпайды.

 

Жалғанда күнәсі көп біз бір адам,

Қой бағып бұл өмірде өткен надан.

Қалтыратып қорқытпай көр ішінде,

Кезіккеннен жылы жүзбен жөн сұраған.

 

Болса да тірі күнде ұл менен қыз,

Өлген соң кірер көрге денең жалғыз.

Бір жақсы іс тірішілікте істемесем,

Жарандар өлген күні не айтарсыз.

 

 

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*