Кітапхана

Ер Жәнібек батырға арналған мүшайраның бас жүлдесі Жүрсін Ерман алды

111111111111111Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арнап ШҚО әкімшілігі жариялаған аламан жыр бәйгесі мәресіне жетті. Бұл туарлы айтыс сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

22222

Білікті ғалымдар мен танымал ақындардан құралған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сараптап саралай келе жүлделер төмендегідей табысталды: Бас жүлдені (темір тұлпар) «Ерлік жыры» атты өлеңімен қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды. Бірінші орын алматылық танымал ақын Бақытбек Бәмішұлының «Рух жыры – Ер Жәнібек» поэмасына берілді. Екінші орындарды «Ер Жәнібек» өлеңімен өскемендік Азамат Тасқара және «Жәнібек – Ер Жәнібек – Би Жәнібек» дастанымен жезқазғандық Кенжебай Ахметов еншіледі. Үшінші орындарды монғолиялық Сұраған Рахметұлы «Жарқа Эльбрусі», «Кие» атты өлеңдері үшін, астаналық Ақберен Елгезек «Ер Жәнібек, Ер Жәнібек!» толғауы үшін, өскемендік Әскерхан Ақтай «Қырлаулы найза қолға алған» толғауы үшін иеленді.

Ынталандыру сыйлықтары шығысқазақстандық Айжарық Әбілхасымовтың «Ел қорғаны – Ер Жәнібек» поэмасына, маңғыстаулық жас ақын Еділбек Дүсеновтің «Ер Жәнібек» толғауына, астаналық Бауыржан Қарағызұлының «Ер Жәнібек рухына» өлеңіне, атыраулық Әлия Дәулетбаеваның «Жәнібектің ақ туын жоқтау» өлеңіне, алматылық Мақсұтхан Баркөл-Дәлейдің «Аруағың аунасын» терме-толғауына бұйырды.

Сонымен бірге Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті және «Ер Жәнібек» қоры тағайындаған сыйлықтарды Егеухан Мұхамәдиқызы (ШҚО), Қайрат Кәмей (ҚХР), Ерлан Жүніс (Астана), Адалбек Ақмәдиұлы (Алматы), Толыбай Абылаев (Қызылорда) сынды ақындар қанжығаларына байлаған.

Қамшы-ақпараттан

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*