Қазақ хандығының 550 жылдығы Шу алқабында тойланады. Бұл жайында бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
“Келер жылы тойланатын барлық мерекелер Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Ең негізгі атап өтілетін шара ол Қазақ хандығының құрылған жері Шу мен Талас арасындағы алқапта қыркүйек айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үлкен шара өтеді. Аталған шараға халықаралық деңгейдегі қонақтар қатысады” деді А.Мұхамедиұлы өз сөзінде.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өткен қазан айында Астана қаласының активімен кездесуде еліміз 2015 жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетінін айтқан болатын.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
baq.kz