Бұл бурхан халдуын тауы Таудың биктігі теңіз денгеиінен 2361 метір биік. Аңыз бойынша осы жерде Шынығысхан туылып бұл жерде жерленген деген аңыз өрбиді.Бурхан халдун жайлы көне шежіре “Қупя шежіреде” 25 жерде кезігеді. Бурхан Халдуын тауы Онон,Керлен,Тул өзендерінің қыйлысында Керлен өзенінің оң жағында Бурхан өзенің басында орналасқан, Аңызға қарағанда бұл тау Хияд боржигон атасы Бодончар кезінде табынып Шинғысханың кезінде қасиетті белігі тау болып содан кеиін Хан Хентей таулары 1818 жылдан бері ресми турде табынып сыйынатын тау болып келеді. Бұл тауды Монгол ғалымдары 1920 жылдардан бастап кең көлемде зерттей бастаған. 1944 жыладан бастап Монгол жазушысы Б,Ренчен 1951,1956 жылдары Унгар елінде Бурхан халдун тау жайлы ғылымыи жұмысын бастыртып шығарған екен,Жазушы А,Амара “Шынғысханың тариқы жазылған көне шежіреде кезігетін Бөрте ханым мен Гуа Маралдардың туып өскен жері”-деп жазыпты. Ал монгол ғалымдарыны кең көлемде зертеу жасаған мына 4 кісін еркше айта жазып кетеиін Олар Шынығсханың көнеден жетке “Қупия шежіреде” Шынғысханңы мәйті “Onan-nu deli’ün-boldaq” деп жазып кетуі бойынша зертеп ізденген 1- Бурияттың алғашқы ғалымы Дорж Банзаровтың еңбегінде Онон өзенің бойында туылып өмірі үзілген деп көреді. 2- Көне жазу шежірелерді зертеу орталығының бастығы Онхуд Сангаажав Жамян Хентей аймағының Дадал сумынның өлкесінде ұш өзенің бойында бұндай жер бар деп алғаш пікір шығарған. 3- Тағыда Онхуд С. Жамъяны Хан Хентей тауының оң түстік шығысында Керлен өзенің оңын ала Дэлгэрхан тауының қойнауында болуы әптен мұмкін деп ізденген. 4- Ж.Бадамдаш, Д.Базаргүрлар Биндэр сумының орталығының алдында Көне шежіредегі Путхана төңірегінде Дэлүүн орналасқан деп көрген.
Шет елден Ағылшындар,Франциялықтар,және Орыстар 1870 жылдардан бері зерттеп жазған материалдары табылып жатыр соның бірі 1913 жылы Ағылшындардың қытайдың Бежіңде отырған елшісі жасырын Шешен хан арқылы Бурхан Халдун тауына келіп зерьтеу жүргізген жайлы 280 беттік материал қытай архибінен шығыпты,онда сол кездегі түсірілген суреттерде бар екен. 1924 жылы орыс зертеушісі Владимирцов келіп арнайы зерттеген мақалалары Сангпетербург қаласындағы музеиде қол жазба куиінде табылған бұндай материалдар шығып жатқанда Монгол ағайындар “шет ел бұл тауға ерте назар аударса біз не қарап отырмыз деп дабылқақан”. Бұл тауға 1910 жылы өте ұлкен ғылыми топ келіп арнайы жұмыстаған солардың еңбегін қәзір іздестіру ұстінде Бұл тау жайлы бір монгол блогерлері “бурхан халдун” сөзінің “бурхан” сөзі будизімнен енген сөз таудың бұрынғы атауы “Хадун Хайрхан” деп жазыпты. Бұл Монголдың астанасы Ұланбатырдан 279 км жерде Монголдың Хэнтэй аймағының жерінде орналасқан. Монгол елінде бұл тауға 1937 жылы (комунистер тарапынан) табыну тоқтатылса Комизімнің кул талқаны шыққан соң 1992 жылы қасиетті жер деп қайта осы тауға сыйына бастаған.Қазір Монгол елінің ең маңызды 1- қорғауындағы жері мен ең қасиетті орыны осы жер. PS:”Бала кезде мен естіген Бір дерек 1937 жылы бұл тауға табыну тоқталған соң осы тауға келген әр бір зерттеуші өліп қалатын болған.Аңыз бойынша бір тайпа ру жасырын ел осы тауға адам өткізбей қорғап жүреді екен сол рудың ең сонғы шалы 1900 жылдардың басында қайтыс болып өлерінде қасиетті адам осы жерде деп кетіпті (мыс) содан кейін Шынғысхан осында деген лақап тарап кеткен. АҚШ зертеушілер келіп іздеп жүріп біраз адам өлген соң кетіп қалған дейді.Жапондар іздеп нәтиже шығара алмаған. Сол өңірдегі мекендеген халықта тауды қазып қопаруға қарсы. 1992 жылы мемелекеттің арнайы бақылауына алынып қорық ретінде арнайы қорғалып келеді.1995 жылдан бастап мемелекет арнайы табыну орыны деп белгілеп содан бері 4 жылда бір рет ресми түрде тауға Ел көлемінде табыну жасалған. Анықтап атасақ 1995 онд Монгол елінің алғашқы ел басы П.Очирбат, 2004 жылы ел басы Н.Багабанди, 2009 жылы прзидент Ц.Элбэгдоржылар жеке-жеке арнайы бұйрығымен бұл тауға мемлекеттік табыну бұйрығын шығарып қасиетті орын деп жариялаған. Бурхан Халдун тауы Монгол мемелекетінің әскери,барлау,табиғат министрлігі және үкімет орыны қатарлы ерекше ұйымдарының толық бақылау қорғауына алынған. Монгол үкімет жағы Бурхан Халдун тауы әлем мойындаған Шынғысханның сүйегі жатыр деп ЮНЕСКО-ға тисті құжатты өткерген, бұны ЮНЕСКО көлемінде қорғауға қамданып жатыр. Жанарбек Ақыби
https://ajanarbek.wordpress.com