Жаңалықтар

Жақсылық Сәмитұлының авторлық әдеби сайты ашылды.

http://samituly.kz/

Сайт

Бүгіннен бастап Алаштың айбоз жазушысы Жақсылық Сәмитұлына арналған жеке авторлық әдеби сайт көрерменге жол тартты.

Сайтты мистик жазушы Қойшыбек Мүбарак пен белгілі IT маманы, жас жазушы Мейіржан Әуелқанұлы  Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығана орай қолға алған екен.

Алдағы уақытта сайта Жақсылық Сәмитұлының толық шығармалары қамтылады.

 

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы.

  • Шыңжаң унверситетін бітірген (1959)
  • Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары “ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған.
  • 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары “Алтай аясы” журналының редакторы
  • 1989 — 93 жылдары Шыңжаң теледидарында редактор қызметтерін атқарған.
  • 1993 жылы сәуірде Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған.
  • 1995 жылдан ҚазМУ-де дәріс оқиды.

Шығармалары

Шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған.

  • Оның “Шопандарға” деген тұңғыш өлеңі 1955 жылы “Алтай халқы” газетінде жарық көрген.
  • “Атамекен” (1983)
  • “Тау самалы” (1985)
  • “Ақ тілек” (1990)
  • “Ақ сәуле” (1992), т.б. повесть, әңгіме жинақтары жарық көрген.
  • Қазақстанда жазушының “Сергелдең” атты трилогиясының бірінші және екінші кітабы (1996 — 2000),
  • “Қытайдағы қазақтар” атты монографиясы (2000) басылып шықты.
  • Жазушының «Сергелдең» трилогиясы 2010 жылы «Қаһарлы Алтай» деген атпен үш томдық толық нұсқада «Дәуір» баспасынан басылып шықты.

Марапаттары

  • “Атамекен” кітабына Қытай Халық Республикасының мемлекеттік сыйлық берілген (1985).

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*