SONY PICTURES Н.АЙШОЛПАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМДІ
ЭКРАНҒА ШЫҒАРУ ҚҰҚЫҒЫН САТЫП АЛДЫ
KAZNEWS – Sony Pictures Classics компаниясы бүркітші қарындасымыз Н.Айшолпан туралы түсірілген «The Eagle Huntress» фильмін Оңтүстік және Латын Америка, Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Скандинавия (Швеция, Норвегия, Дания) елдері мен Азия нарығына көрсету құқығын сатып алды.
Deadline.com -сайтының хабарлауынша, Sony Pictures Classics компаниясы «The Eagle Huntress» пен Жон Красинскидің «The Hollars» фильмдерін экранға шығару үшін құны екі миллион ақш.доллар тұратын келісім жасаған.
Продюссер Отто Беллдің туындысы өткен аптада ғана АҚШ-та өткен Sundance кино фестивалінде көрерменген жол тартқан болатын.
Естеріңізге салсақ, 87 минутқа созылатын фильмде 2000 жылға жуық тарихы бар саятшылық өнері дәріптеледі. Және Айшолпанның бұл өнерді әкесінен үйренгені көрсетіледі. Және де бүркітшілер фестивалінде өзінен жасы үлкен бүркітшілермен сайысқа түсіп, жеңімпаз атанған сәті суреттелген.
Бұл фильмге арнап Австралиялық әнші Сиа соундтрек жазған.
kaznews.mn