Жаңалықтар

Ер Жәнібек қорының қолдауымен «Сексеуілдің шоғы» жинағы жарық көрді

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қытайдағы қазақ ақындарының өлеңдері топтастырылған «Сексеуілдің шоғы» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Басқосуды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан ашып, жүргізіп отырды.

PoeziaАлғашқы сөз жинақты шығаруда ерекше еңбек сіңірген Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбайға берілді.
– Жинаққа енген ақындарының барлығы да – қауырсын қаламы қа­тайған, қалыптасқан қаламгерлер. Бұл жырлар маған үлкен ой салды. Қандай қиын өткелектерден өтсе де ана тілін жоғалтпай, тұмарындай қадірлеп, сақтаған қандастарымыздан үйренеріміз көп. «Сексеуілдің шоғын» оқыған әр қазақтың жүрегінде жыр ұшқындасын, – деді ол.
Сөз сөйлеген «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса, жинаққа демеушілік көрсеткен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Жеңіс Түркия, Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы төрағасының орынбасары, жазушы – драматург Сұлтанәлі Балғабаев, ақындар Жәркен Бөдешұлы, Алмас Ахметбеков және басқалар жаңа кітапқа, оған өлеңдері енген ақындарға сәттілік тіледі.
Кеш барысында жас ақын Ақниет Төлендінің «Қоңырөлең» атты өлеңдер жинағының да тұсаукесері өтті.
Кеште өнер иелері әуелете ән төгіп, күй күмбірлетті.

Смайыл Базарбай

“Ана тілі” газеті


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*