Білім

Уақыт талабы…

«Заманға қарап, бөркіңді ки»- деп қазақ сірә бекер айтпаған. Кез келген заманның талабы бар демекші, елімізде осы талапқа айнала бастаған жаңа сала жайлы айтып кетсек. Кез-келген адам үшін, мейлі ол мекеме болсын, ең маңыздысы абырой екені белгілі.
Бүгінгі таңда әлемде өте маңызды салалардың бірі болып «Public relations» есептеледі. Бұл дегеніміз, жоғарыда айтылып өткен кез-келген тұлғаға маңызды абыройды қалыптастыратын маман. Шет елдерде кеңінен танымал бұл мамандар, мемлекеттің барлық саласына қажет адамдар болып табылады. Саясат, бизнес, экономика, қоғам салаларын қамту, және ондағы мәселелерді тиімді жолдармен шешу олардың негізгі міндеті болып есептеледі. Мысалы, саяси процесстерде саяси тұлғаның иммиджін көтеру болса, бизнес саласында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы даму жолдарын жасайды. Өзінің мақсатты аудиториясымен жұмыс жасау барысында қоғаммен тығыз байланыста болатындықтан әлеуметтік саланы да қамтиды.
Осылайша, Қазақстан аренасына енді енгізіле бастаған бұл сала қазірдің өзінде үлкен маңызға ие. Журналистика, саясаттану, құқық, экономика, дипломатия салаларымен байланысты болғандықтан, пиар маманы жан-жақты және көптеген қабілеттерге ие болуы тиіс. Еліміздің бірнеше ЖОО-да оқытыла бастаған бұл мамандық алдағы уақытта ел нарығындағы жоғары сұранысқа ие болары хақ.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*