Шежіре

Шарқи (Шығыс) Түркістан атты әскері жайлы не білеміз?

Шарқи (Шығыс) Түркістан ұлттық әскері дегенде көз алдыңызға атқа қонып жауға шапқан кісінің әлде бір елесі пайда болса, онда сіз дұрыс пайымдаған боласыз. Шынымен де Шарқидың жүзде сексен пайызы (80%) атты әскер болған. Қолға қару алып ат жалын ұстап мініп жауға шүйлігу қай xалықтың қанына сіңген өмір таңдауы екенін тариx өзі ашып айтар уақыты келіп шындығы айпарадай ашылғанда.

Отыз мыңға дейін көбейген ұлттық әскердің 60-70 пайызы қазақ болғаны Қытай деректерінде де анық тұр. Өкініштісі, көтерліс бастап елді азаттыққа шығарған әскердің көбін Құлжадағы бай-шонжарлар «рақметін айтып» ауылдарына қайтарып жібергенін біреу білсе біреу білмейді.

Сондай қайтарумен келген бір-екі ақсақал біздің ауылда да бар еді. Мен бала кезімде күзеулікте соларды көруші едім. Қанжілік боп шайқастарға қатысып, ел азат болған соң үнсіз ауылға қайтып оралып, қара табан қойшы болған. Бағалау жоқ, марапат жоқ, әлеуметтік көмек те көрсетпепті оларға. Көбі үлкендердің айтуынша 55-62 жылдары Арғы бетке асып Совет азаматтығына өткен. Кішкене кезімде ауылдағы ақсақалдардың кеңестерін кіресілі-шығасылы еститінмін, сонда ол кәртең ақсақалдар сартты боқтап отыратын.

Кейін ес жиып, етек-жеңімізді түзеген кезде бұған қатысты кітаптар оқи бастадық. Сонда кей автор бұл оқиғаны сензурамен әрең жарық көрген кітаптарының мазмұнына білдіртпей де енгізіпті, жалпы басынан оқып келе жатқан естияр оқырман бірден түсінеді.

Мына сурет Манас өзенінің бойын күзеткен қалың қазақтың белгілі тариxының белгісіз сурет бейнелері. «Манастың бойын күзеттік», «Манас бойында ұзақ жатып қалдық» немесе «Манастан қайттық» дегенді үлкен ақсақалдардың айтқандарынан құлағымыз тыңдап қалатын. Сол Манас бойында деректерге сүйенсек шамамен он мыңдай (10 мың) әскер шекаралық күзетте тұрған екен.

Және бір сәйкестік Әскери күштің Манасқа дейін созылып Манаста қалың қазақ әскердің кідіріп қалуы Іле Уалаятындағы әкімшілік билікті «бөліске» салып, жаңа реттеу жүргізуіне де тура келіп қалады екен. Қазақтың негізгі әскери күші Іле уалаятынан шығып Манаста кідіріп қалғанда арт жақта кімдер қандай астыртын ойын бастады кім білсін?!

kerey.kz

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*