Шежіре

Заңғар ойлы қайран аға!

Қазақтың ардақты асыл азаматы Тұрсынбек Кәкішевтің дүниеден озғанына екі жылдан асты. Бос қалған орны үңірейіп тұр. Кәкішевтің орнын ешкім баса алмайды. Өйткені ол осы қазақтың  ерен бір түп атасы Хан Гирэидің бүгінге жеткен бір тұяғы. Қазіргі тілде  керей атап алған баяғы Хан Гирэидің толық аты ГИЭРЭИМАН болғанын Алтын Адам жазуынан біз енді ғана таптық. Анау Ерейментау осы Гирэидің бір тақ орны екен. Оның тұңғыш иелігі қазіргі Жамбыл тауының қасындағы Хан тауы болып шықты. Хан тауының атауы Хан Гирэидің осындағы жұртымен байланысты қойылыпты. Өз кезінде бұл орта ХАН ГОООРИ аталған. Оған таяу маңдағы қазіргі Қаратауда сол тұста Хұн ГОООРИ елі болған. Одан кейін орнаған қазіргі Талғардың жұрты ол кезеңде ТАЛГОООРИ аталған…

ГИЭРЭИМАН төренің, қазіргі тілдегі керейдің дарынды болғаны сонша, 1001 түрлі псевдониммен жүріп жердің бетін басқарған. Содан оның  Керей атына тиесілісі 12 түрлі екен. Біздің елдегі қариялар 12 ата Керей деп айтатыны осыдан. Содан біреуі қазіргі тілдегі Қара Керей болса, ол 12 түрлі атаның екіншісі Жан Керей елімен байланысты. Кеңес Одағы кезіндегі археологтар ЖАНГ Ата қалашығы деп ақтарған орын осы ЖАН ГЭРЭИ Бабаның өзі орнатқан иелігінің қалдығы еді.

Сонша дарынды боп жаратылған ГИЭРЭИМАН төренің біздің заманға жеткен асыл тұяғының бірі ортамызда болған Тұрсынбек Кәкішев.

Күміс зереншедегі жазудың айтуынша бүкіл Әлем Алланың құзырында, Төрттіктің жүйесінде. Ол төрттік: Ақыл, Ой, Парасат, Сана. Тұтас Әлем осы төртеуінің күшімен ұсталып тұрса, содан мынау жерде жүрген жан-жануарда бұның азды-көпті бөлшегі билік құрады. Қазақтың “Төртеу түгел болса төбедегі өзі келеді” дегені әр адамдағы Ақыл, Ой, Парасат пен Санаға қатысты айтылған. Әйтсе де осы төрттіктің барлық пендеде бірдей толық болмауы өмірді ала-құла етіп, жаныңды қинайды. Төрттігі түгел жандар қасыңда болса ісің ілгерілейді. Көретін қуанышың да мол.

Тұрсынбек Кәкішев аға аса сымбаты, көркем жан еді. Гуманитария ғылымдарының өкілі бұл ағайды, айдаладағы физика маманы менің жақынырақ тануыма себеп болған 1970 жылы Есік қорғаннан алынған Алтын Адамның күміс зеренше жазуы. Осы 26 таңбаны өз өзімнен қолға алып, оның ауыр тозағына еріксіз түрде күйген мен бейшара бұған радиация үшін жақындаған едім. Физика  саласындағы зерттеулерім радиацияның әсерімен байланысты болды да соның құпиясын түбіне жете тануда  маған осы Алтын адамның жазуы керек секілді болып, арбалдым.

Иә, соның «сиқыр ноқтасын» еркіммен басқа киіп, тірідей көрген тозағына отыз жыл бойы төселдім. Дегенмен еңбек босқа кетпеді. 26 таңбаның шифры ашылды. Оның жан-жаққа берген нұсқаулары тағы бар. Аяқ жетер жердегі жартас таңбаларын сүзіп шықтым. Атын Адам дегенің біздің жерден табылғанымен бір кездегі бүкіл жердің бетін билеген құзырлы патша болып шықты. Оның мынау жазуымен қоса бұнда көрсетілген сілтемелері мен секілді бір зерттеушінің құзырындағы емес,  өзі секілді  ел басқарушыға арналған екен.

Сонда мынау күміс зеренше жазуы тас дәуіріндегі патшаның біздің эрадағы мемлекет басшысына арналған хаты болды. Бұның сұмдығы сол, 26 таңбаның төңірегіндегі ғана емес, бүкіл Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстіктегі сақталып жеткен көне мұралармен қоса байланысты екендігінде. Бірімен бірі байланысты шатасқан дүние. Оның мен үшін отыз жылдық тозаққа айналуы содан. Дегенмен бірталай мәселенің беті ашылды. Соның бәрі мемлекеттік деңгейден қолға алынса екен деп, біздегі бірталай орындарға хаттар жаздым. Алғашқы хатым біздегі бас орталыққа 1999 жылы 26 мамырда түсті. Содан бастап бірнеше депутатқа хат жазылды. Сол кездегі мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаевқа жолдадым.

Ол хат Маңғыстаудағы Бозашы хандығымен байланысты болатын. Жауап болмады. Мүмкін Әбіш Кекілбаевтың қолына тимеген де шығар. Сол кезеңде үкіметті басқарған Даниал Ахметовке де бірнеше хат жіберілді. Оларға да жауап болмады. Мәдениет министрлігіне бірнеше хат жіберілді. Тіпті 2005 жылы Алматы қаласына әкім боп келген Иманғали Тасмағамбетовке де екі хат жібердім. 1999-дан 2007 жыл аралығында біздегі мемлекеттік орындарға арнайы мәселемен жолдаған  отыз шақты хаттың бәрі де жауапсыз қалғанына қарайсың да, барған хаттарды сол мекеменің үлкен бастығына көрсетпеу әдеті қалыптасқан ба деп ойлайсың.

Содан бір қызық жағдай, «мейірімі түскен»  бір депутаттың маған жазған хатымен байланысты. Ол депутат «Кипрдегі халықаралық  конференцияға барып жұмысыңды баянда» деген ақыл айтыпты. Және Кипрдегі конференцияның анықтамасын қоса жіберген. Бірақ депутат айтып тұрған конференция мен маған жіберген оның хаты аралығында бір айлық айырма бар. Яғни, конференциядан соң  бір ай өткенде жіберіп отыр осындай жауапты. Бұл маған деген мазақ па, не? Ешкімге айтпай бүгінге дейін жасырып қойдым.

Бұдан да асқан сорақысы мынада. 2007 жылы Мәдениет министрлігіне жазған хатқа келген жауап тілдей қағаздағы керағар бағыттағы екі сөйлем болды. Есесіне байдың малын байқұс аясын ба деген ұстаныммен әлгі тілдей қағазды пошта дүниесіндегі ең үлкен конвертке салып жіберіпті. Барынша жалпақ, аппақ конверт. Ішінде тілдей қағаз. Дәу конверттің сыртында Алматының атауы мен менің аты-жөнім кішкентай әріппен жазылған. Сұмдық-ай! Бәрінен де Алматының атауын кішкентай әріппен жазғандары менің жаныма қатты батты. Бұл хатты жіберіп тұрған Мәдениет министрлігіндегі департамент бастығы қазақтың бір айтулы ақыны еді.

Мені Тұрсынбек Кәкішевтің кафедрасына баруға итермелеген үш жағдай. Біріншіден бұл кафедрадағылар қазақ тілді шынайы білімділер. Екіншіден кең, танымды терең ұғымды, әр саладан жан-жақты хабардар жақсы мамандар. Үшіншіден бұл кафедрада фольклор зерттеушілер болды. “Фольклор дегенің жабайылардың ермегі” деп айтатын жаңа замандық  зерттеушілер тар соқпақта еліктеп, тыпыңдаған танымсыздар. Алдында белгілі бағыты жоқ, тұйық жолды. Білер болсаңыз, бүкіл әлемнің құпиясы фольклордың бойында құлыптаулы. Сондағы жасырын кодты аша алсаң жаратылыс  әлемінен толық хабардар боласың. Фундаментал ғылымы одан бөлек қой демеңіз. Фундаментал ғылым түгілі техниканың құпиясы да фольклордың терең қойнауында жасырулы тұр. Бұл осыншалықты қымбат бағалы рухани азық. Алтын Адам жазуында айтылғандарды түсінетін мидың иесі фольклортанушылардың арасында. Міне, осындай үш жағынан қарағанда менің айтпағымды түсінетін ақыл иесі әдебиеттанушылардың арасында екені рас.

Тұрсынбек Кәкішев отырған кафедраға қымсына бардым. Өйткені менің түрім кісі шошырлықтай нашар еді. Сілікпемді шығарған күміс зеренше жазуының отыз жылға созылған тозағы оңдырсын ба? Ана дүниеден келген сияқты едім. Сонау мұз дәуіріндегі тұрғындардың болмысына отыз жыл ендеп кіріп, мынау дүниедегілерге суық көзбен қарайтын болдым. Мұз дәуіріндегі өмірге жан-тәніңмен беріліп, түгел бойламасаң күміс зереншедегі жазу оқылмас еді. Өйткені бұл жазу қазіргі біз үйренген жазу үлгісіндегі бір өлшемді беттік емес, ХҮZ бойынша кеңістік көлемінде оқылуға тиіс.

Бұрынғылардан қалған барлық жазулар осындай үш өлшемді кеңістік бойынша оқылады. Оларды алфавиттің қандай түрі деп қабылдасаң да бәрібір. Тек қана кеңістік бойынша оқылады.  Дәп осының жайына жету үшін менің отыз жылдық тозаққа түсуім қажет болды. Мінеки, осындай бейшара халдегі мен гүлдей жайнаған филология факультетіндегі әдебиет кафедрасына қалай барып Тұрсынбек Кәкішевпен сөйлесе алмақпын? Кафедра есігінен әрең ендім. Қуанышымызға орай Тұрсынбек Кәкішев қақ төрде қарсы қарап отыр екен. Мейірімді үнімен жарқылдай қарсы алып, ақ пейілімен менің ауыр халімді жеңілдетіп жіберді. Соған дейін бір кісіге айтпай келген бар дүниемді Тұрсынбек Кәкішевтің алдына ақтарып салдым. Ағайдың сонда қуанғаны-ай! Жарқын даусымен қоштай сөйлеп, қолпаштай көтермелеп: “Осынша қымбат дүниені неменеге бола ешкімге айтпай жасырып келдің? Бұның бәрін тезірек жариялап, елді қуанту керек қой”деді.

Алтын адам жазуында көрсетілген оның жер-жердегі мұраларын мемлекеттің қамқорлығына алып, халықаралық деңгейде іс жүргізу жағын ойластыру үшін комиссия құрдық. Елімізге еңбегі сіңген айтулы тұлғалармен қоса бұл комиссияның құрамына қазақ баспасөзінен топ журналист қатыстырылды. Сонымен бәрі 35 адам, комиссия бастығы Т.Кәкішев, істі қолға алу үшін рұқсат сұрап және көмектесуді өтініп, тізімді Парламентке жібердік. Қызық-ай, бұған да жауап болмады.

Сонымен күміс зеренше жазуында көрсетілген маңызды мәселені қолға алуға жоғары жақтан қашан рұқсат келеді деп, біздің комиссия он бес жыл күтті. Енді міне, Тұрсынбек Кәкішев ағаның рухы шындықпен бірге биікте жүр. Біз болсақ, төмендегі  мынау жерде өтірікке бөленіп отырмыз. Мінеки, қараңыз: Алматы  жерінен табылған жазуы бар мыс дөңгелекті “дирхем” атап алған зерттеушілер одан Алматы қаласына 1000 жыл толды дегенді тауып беріп, бізді мәз қылуда. Бұны айтқан орыс тарихшысы, оны қоштаған корей зерттеушісі. Атам қазақтың “Аңқау елге арамза молда” дегені, осындайға қатысты айтылса керек. Анау “дирхемнің” бетіндегі  жазуда Алматының атауы мүлдем жоқ. Және де бұл мыс дөңгеелк “дирхем” ақша емес, бұның “дирхем” атауы да өтірік. Әйтеуір Алматы жерінен табылған соң Алматының тарихына 1000 жыл дегенді оған өтірік жамап тұрсың. Бұның бетіндегі жазу арапша секілді болғанымен қазіргі үлгі бойынша оқылмайды. Жоғарыда айтқанымыздай бұл жазуды да кеңістік бойынша оқу керек. Осы мыс дөңгелектің бетіндегі жазуда ерте замандағы ел атауы көрсетілген:

ЭЛЛЛИИИХТИИИСССАТИТИТИ.

Түйсікті халқымыздың осы елдің атауынан бүгінге дейін сақтап келгені оның Саты бөлшегі. Елдің орны кәдімгі Жалаңаш пен Көлсай арасындағы жол үстінде орналасқан Саты. Ал енді бұл елдің атауын мыс дөңгелекке жазып, Алматы жеріне кім әкелді деңіз?

Саты елін орнатқан үлкен басшы қазіргі Алматының төріндегі ПАХАҢАЧИТИ елді мекенін ұйымдастырған. Сонымен бір мезгілде УЧПАХТИТИТИ АЛМАТУ жұртын қоса  ұйымдастырыпты. Жалпы  халық бұл басшыны АЛМА АТА атаған. Осы жағынан қарағанда ХХ ғасырда болған АЛМА АТА атауы дұрыс. Анау УЧ АЛМАТУ атауын  кешеге дейін біздің қазақ Үш Алматы деп келді. Дұрыс. Алайда қазіргі тілдегі қазақ «үш» сөзі мен анау көне қала атауындағы “УЧ” тің мағынасы бірдей емес. Өйткені қазіргі орфография бойынша жазылған сөздерде шифр жоқ. Бар мағынасы бір-ақ реттік. Ал енді көне хазахтың тіліндегі  әрбір  сөздің әр дыбысында қат-қабатты шифр бар. Жоғарыдағы ел атауында тұрған  үш “л”, үш “и”-дің әрбіреуі  бөлек-бөлек шифрға ие. Мысалға үш “и”-ді бір шифрмен айтуға болмайды. Осы жағынан алғанда байырғы тілді кибернетикалық дәрежедегі деп мойындау керкек. Көпшілікке бейнесі таныс боғлан әлгі “дирхемнің” бетіндегі аз ғана жазудың қат-қабатты шифрын ашсаң қазіргі Саты жеріндегі көне дәуірлік елдің тарихы шығады. Ол елдің орнағанына бүгінге дейін 45 мың жыл өтіпті. УЧ АЛМАТУ мен анау БАХАҢАЧИ — қазіргі Бағанашы жұртының тарихына да сонша мың жыл деген сөз.

Ендеше мынау Алматы жерінің игерілгеніне қанша мың жыл толды дейміз? Бір кереметі сол анау Алтын адам жазуында жылнамаларды рет-ретімен нақтылап берген. Онда «сіздердің кезеңдегі жаңа эра» деген де сөз бар. Сол арқылы біздің мынау кезеңдегі 1999 жылы Көк Бөрінің туғанына елу мың жыл толатыны айтылып тұр. Сонда Көк Бөрі дегенің  өмірде болған шынайы тұлға жалпы адамзаттың түп атасы екені белгілі болды.

Қазақтың ел мен жеріне қатысты жылнаманы 1500 жылдан арыға асырмау  шет елдік зерттеушіге ұтымды. Қазақтың өзіне ше? Үзілмес жіпке буып-түйілген жылнаманың тізгіні ағытылса бүгінде белден басып жүрген талай беделді елдерге атымыз шығады. Мысалға бүкіл Кореяның түп атасы саналған анау Когурйо, Пэкчэ, Силла дегенің жылнама бойынша қайсы кезеңдегі және қайсы жерден солай аталып шыққаны бірден ашылады. Сол арқылы қазақтың әлем алдында бойшаңдануы кәрісе ұтымды емес. Сол секілді еуропацентризмнің қазіргі беделі қандай себептен бұндай болды деген сұрақтың жауабы да еуропалықтар үшін ұтымды емес. Айта берсек, қазақ еліне тиесілі жылнама неғұрлым тұқыртып ұсталған сайын өзгелерге ұтымды екен. Әлгі ұзын кісінің бойы шөжісе оның орнын тапал басатыны секілді күй әлемдік деңгейде орны алған. Шығыс пен Батыс қана бақталаста емес, әрбір мемлекет өзінің ата тарихы үшін бақталасты күйде. Шындықтың билік құрғанын осындай себептен қаламайтындар көп.

Иә, Кәкішевтің рухы шындықпен бірге. Сондай асыл азаматтар болғаны үшін де еліміз бақытты. Ертеңі жарқын. Тек қана оң мен солға жалтақтайтының жаман. Осындай жалтақты Кәкішев ағай жек көрген еді.

 

Мағрипа Шөжеғұлқызы

физика-маметика ғылымдарының кандидаты, доцент

Алтын Адам жазуының құпиясын ашқан ғалым

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*