Бүгін, 25 қазан – Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күн. Осыдан 23 жыл бұрын, 1990 жылдың 25-қазанында Жоғарғы кеңес сессиясында мемлекеттің егемендігін айқындайтын тарихи құжат “Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация” қабылданды.
Қазақстан осы декларацияны қабылдау арқылы өзінің барлық атрибуттары, құқықтары мен міндеттері бар егемен ел екенін жариялады. Бұл құжат Қазақстан Конституциясына негіз болды.
2008 жылға дейін 25 қазан Республика күні деген атаумен жыл сайын салтанатпен атап өтілетін. Ал 2009 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының “Мерекелер туралы” заңына түзетулер енгізіліп, сол жылдан бастап бұл мереке атап өтілмейтін болды.
Дереккөз: azattyq.org