Бейнематериалдар

Қуандық батырдың оқалы тоны

Тарихи деректерге қарағанда,  Қуандық батыр Алтай өңірінде 1727-1816 жылдар аралығында  өмір сүрген. Аумалы-төкпелі нәубет заманда батырдың елін-жерін қорғау жолында көрсеткен ерлігіне дән риза болған 12 Абақ керей елі оның иығына осы оқалы тонды жауыпты. Қасиетті мұраны қазақтың қолынан өнер тамған 13 шебер әйел 90 күн ішінде тігіп шыққан екен. Оқалы тон бұғы маралының иленіп, өңделген 68 парша бөлек терісінен ойыстырылып тігіліпті. Оны  қарағайдың қанық бояулы кері қызыл қабығымен бояп, екі өңірінің алдына құндыздан жорын ұсталыпты.

Бұл 300 жылдық тарихы бар қазақтың асыл тоны қазір Қытайдың мемлекеттік 1-дәрежелі мәдени мұрасы ретінде Шынжаңның Буыршын аудандық мұражайында сақталулы тұр. Қазір Қуандық батырдың оқалы тонына қатысты тарихи материалдар іздестірілуде.

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*