Кітапхана

Маршал Х.Чойбалсынның Монғолия қазақтарына берген бағасы

Д.Жеңісхан.

1940 жылы Баян-Өлгий аймағын   өз қолымен орнатқан алғашқы тұлғалардың  бірі де бірегейі   Д.Жеңісхан. Ол кісі  1968 жылы еңбек  демалысына кеткенімен, артында елін  басқарып отырған жастарға не бір ұлағатты әңгімелерімен ел есінде өалды. Өз заманында журналистер өз араларынан шыққан алғашқы қоғам қайреткерінің  оcы  бір ұлт жандылығы жайында өаншама мақалалар жазған болатын. Соның бірі Махбуздың «Патша балам» кітабында  қоғам қайреткері Д.Жеңісханмен сұхбатын әңгіме жанырымен жазған еді. Бүгін сіздерге сол кітаптан Жекеңнің Х.Чойбалсанмен кездескен тұсынан үзінді ұсынбақпыз.

 

 

 

Маршал Х.Чойбалсын

Монгол елінің Маршалы, әйгілі қолбасшысы Х.Чойбалсан 1939 жылы қазіргі Баян-Өлгий аймағын мекен етіп жатқан қазақтардың әр ауылдарын  аралап, өз көзімен көріп танысып Ховда аймағына барады.  Барған соң Хобда аймағында батыс өңірдегі Монгол қазақтарын  басқарып отырған сол кездегі басшылардың бәрін жыйып алып қортынды сөзінде былай  деді: “Қазақ халқын «бага ястан»-(ұсақ сүйектілер) деуді, «хасаг» деген атауларды тоқтату керек.Қазақ ұлтының Монгол ұлтынан еш айырмашылығы жоқ.Қазақ халқы Монгол мемелекетінде өз ұлт тілінде мектебі бар,баспасөзі бар дербес бір аймақ бола алады. Мемелекеттік 8- съезге қазақ халқынан өкілдерді көп сайлау керек.Осыны Жеңісхан сен жақсылап ұйымдастырып әкел. Мен Қазақ сұмындарын аралаған сапарымда қазақ халқының бірталай жақсы дәстүрлерімен әдет-ғұрпын, ерекшеліктерін аңғардым. Сендер жазып алыңдар”-, деді. Маршал Чойбалсан  сол жиылыста Қазақ халқының ерекшеліктерінен он екі түрін атап өткен. Олар:

  1. Қазақ халқы ежелден еңбек сүйген халық.Олар қолға алған ісін тындырмай қоймайды.
  2. Қазақ халқы талапкер, не нәрсені де тез үйренеді,тез игереді.Оқуға барған қазақ азаматтары бір-екі жылда монгол тілі мен жазуын үйреніп,монгол тілінде оқып білім алып шығып жатыр.Мына отырған Қаби,Жеңісхан,Әжікендер бұған дәлел.
  3. Қазақ халқы мал шаруашылығы өнімдерін жақсы пайдаланып келе жатқан халық.Олар тек малдың сүтімен көп түрлі тағамдар жасайтынын мен көзіммен көрдім.
  4. Қазақ халқы ою-өрнекке,тоқымаға,кестеге шебер екен.Қай үйге барсаң да әшекейлі түскиіз,алаша басқұр тұрады.Бұл дамыта беретін өнер.
  5. Қазақ халқы тазалықты мирас етіп келе жатқан халық.Қандай үйге барсаң да қонаққа арналған көрпе-жастық жыйнаулы тұрады.Үй іштері жинақы,ыдыс аяқтары таза,қол жумай тамақ ішпейді,қолдың майын,суын сүртуге арналған орамал бөлек-бөлек тұрады.
  6. Қазақ халқы жасқанбайтын батыл,ержүрек халық.
  7. Мен қазақтардың өлген адамдарының  бейітін көп жерден көрдім.Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр.
  8. Қазақ халқы көп жасайтын халық.олар темекі тартуды,арақ ішуді әдет етпеген.Тамақты баптап ішеді.Қазақтар біре екеу болсада бие байлап қымыз ішеді.Қымызды жақсы баптайды.
  9. Жасы үлкенді құрметтеу қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі.Олар қарт адамдарды аттан түсіріп,атын байлайды,есік ашып үйге кіргізеді,төрге отырғызады тамақты үлкен адамдардан бастап ішеді.
  10. Қазақ халқында аңшылық кәсіптің бір саласына айналған.Бүркіт салу арқылы көп табыс табады.Бұл ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан кәсіп.
  11. Қазақ сауықшыл халық.Оларда айтыс,өлең,домбыра шерту,сыбызғы шерту машыққа айналған.Біз мұны жаңа дәуірге сай мейлінше дамытуымыз керек.
  12. Қазақтар өзінің ой арманын бүкпей айтатын халық.Жүз бес жасқа келген Зымыра «Маған өлгенде мола қажет» деп ашық айтты.Дінге бірден шабул жасауға болмайды.Біз оның негізгі өсіп өнетін бір тамырын жойдық.Сондықтан ол бірте-бірте тозып жоғалады.

Мен қазақ халқының бұл ерекшеліктерін көзіммен көрдім.Мұның бәрі жаңа өмірге сай дамыта беруге болатын жақсы дәстүр екенін естеріңнен шығармаңдар -деп тапсырды дейді Маршал Х.Чойбалсын .
Д.Жеңісхан артындағы басшыларға «-Өз халқынды жан тәніңмен  сүйе білуді Х.Чойбалсыннан үйреніңдер»- деп осылай аманттап кетіпті.Бұл оқыйға  1939 жылы Монғолдың батыс аймағының орталығы Хобдада болған.
Қазір Моңғоля қазақтары 1939 жылы Маршал Х.Чойбалсын нақтылап тапсырған қазақи салт-дәстүрін сол қалпында сақтап Моңғол елінде жеке ұлтық нақышта бір аймақ болып, дәуірдің не бір ыстық суығын  бастарынан кешіріп өсіп-өніп, 2010 жылы аймақтың 70 жылдық торқалы тойын тойлатып өткізді.
Баян-Өлгий аймағы әкімшілік ғимаратының алдына жеке басқа табыну дүркіреген «изм» кезінде Ленинің ескертікіш орнатылған. 1940 жылы Баян-Өлгий аймағы орнағанда Лениннің сүйегі баяғыда қурап қалған. Мұндағы қазаққа аталас жағынан үш ұйықтаса да сорпасы қосылмайтын бұл қасқа бас атамыз күнге қақталып не қып тұр? Қазір Баян-Өлгийде мекендеп жатқан бір не екі  орысты көрсетіңізші маған… Енді кімнен жасқанамыз. 1990 жылдан бері Ленинді қойып Сталиннің ескеркішін көзін құртпаған Кезіндегі КСРО құрамындағы  ел жер жоқ шығар. Ал біздің бастықтар кімнен қорқып, кімге жағымпазсиды. Баян-Өлгий аймағын қай Лениннің туыстары,қай орыстар жандары ашый қалып  орнатып беріп еді…
Моңғоля қазақтарына жеке ұлттық аймақ құрып берген Маршал Х.Чойбалсынға және өз іштерінен шыққанД.Жеңісқандай алғашқы қоғам қайреткеріне осындай құрмет көрсете алдыма? Керек десе тариқшысымақтар Жеңісқан Дүзелбейұлынның  кім екенінде білмей Өлгий тариқына қалам тербеитінің қайтресің.  Өлгеиліктер ендігіде осындай  тұлғаларын бағалап ,ұрпаққа насихаттауыұшін Мәскеуден жарылқаушы жарлық күтуі керек шығар.
Жанарбек Ақыбиұлы

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*