Жаңалықтар

Елбасы Қазақтарды ру мен жүзге бөленбеуге шақырды

Тарихта қазақ бір болғанда ешқандай жау оны алған емес. Бұл туралы бүгін “Болашақ” халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

“Біз қазақпыз. Өз ұлтымызды, өзіміздің қанымызды сыйлаймыз. Ең алдымен Қазақстанда қазақтың бірлігі керек. Сендердің, сендердің ұрпақтарыңның бірлігі қажет. Менің буыным, менің достарым, әріптестерім мойнымызға түскен ауыр жүкті көтердік, тәуелсіздікті орнаттық. Біз парызымызды орындадық. Біздің тағдырымыз бақытты болды. Бізге осындай кезең тап келді. Ал енді осының барлығын тұрғызып, нығайтып, болашақта сіздердің қолдарыңызға беретін боламыз. Сондықтан, алдымен бірлік керек. Енді еліміз көп ұлтты болып отыр. Ешкімнің кінәсі жоқ. Тарихи жағдай солай болды. Сол үшін де өзіміз ұлы боламыз десек, біз кең болуымыз керек. Басқа ұлтты жаншып ешкім де ұлы бола алмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы алдағы уақытта мемлекеттік тіліміздің де өсіп-өркендейтіндігін баса айтып, басқа ұлттармен бірлікте болып, оларды тәрбиелеуіміз қажеттігін атап өтті.

“Қазақ бір болғанда ешқандай жау оны тарихта алған емес. Бізді бөліп-бөліп, жүз деп, ру деп, сөйтіп барып алған болатын. Енді қолымызға бақыт құсы – Тәуелсіздігіміз келген кезде біз ешкімге оны қолымыздан бере алмаймыз”, – деді Н.Назарбаев.

http://www.inform.kz/


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*