2019 жылы, 16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында, «Ер Жәнібек» халықаралық, қоғамдық қорының вице президенті Толқын Ақанұлы «Отандастар» қорының вице президенті Талғат Мүбәракұлымен кездесті,-деп хабарлайды қордың ресіми сайты- erjanibek.kz
«Отандастар» қоры, Президенттің шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша берілген тапсырмалары негізінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан құрылған.
Халықаралық «Ер Жәнібек» қоры бірқанша жылдардан бері Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, көптеген шаралардың ұйтқысы болып келе жатқаны белгілі.
Кездесу барысында екі жақ шеттегі қазақтар ісі жөнінде түйткілді мәселелерді талқылап, алда бір қатар шараларды бірлесіп атқару жөнінде келісімге келіп, меморандумға қол қойды.