Жаңалықтар

Қарақас Қаптағай батырға арналған дүбірлі ас өтеді

 

Тамыздың 15-16 күндері Зайсаң ауданы Кендірлік өзені бойында ХVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаған елеулі батырлардың бірі, Абақ Керей Қарақс руына ұран болған Қаптағай Түгелбайұлына арналған дүбірлі ас өтеді.

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, өткен тарихымызды бағамдап, бабалар ерлігін ұлықтау үшін Алты алашқа сауын айтқан батыр ұрпақтары, ас барысында батырға қойылған ескеркіштің ашлуын атап өтіп, ат бәйге, қазақ күресі сияқты түрлі ұлттық спорт ойындармен қатар танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен арнайы концерт қойылып, ақындар айтысы сияқты рухани шараларды да ұйымдастырмақ.

Қаптағай батыр Түгелбайұлы (1700-1760) Сарысу өзенінің бойында дүниеге келген. 1760 жылы Зайсаң өңірінде қайтыс болған. Сүйегі Кендірлік өзенінің бойына жерленген. ХVIII ғасырдағы қазақ елін қорғаған сайыпқыран саңылақтардың бірі. Ер Жәнібекке серік болып, Абақ Керей елін Сыр, Сарысу өңірінен Орға, одан ары Доғалаң, Қалба, Қызылсу, Шарға дейін бастап келген. Қазіргі кезде батыр ұрпақтары Қытай, Моңғолия, Түркия сонымен қатар Еуро одақтың Франция, Голландия, Англия, Норвнгия, Швейцария, қатарлы еллерінде тұрады.

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*