Фотогалерея

Ер Жәнібектің ақ туы сақталған сандық

Жәнібек бабаның қара сандығы

Жәнібек Бердәулетұлы 1714-1792 аралығында жасаған, Абылай хан дәуіріндегі әйгілі батыр. Жәнібек баба 1792 жылы күзде 78 жасында Қалба тауы бөктерінде, Шарөзеніне таяу, Қызылсу жанындағы әулие бұлақ жағасында ауырып дүниеден өтеді.

Ол жоңғармен ұрыста ерекше ерлік көрсеткені үшін, Абылай хан оң тізесінен орын беріп, оны Керей-Уақ қолының бас қолбасы деп жариялап, басына найзалы шашақ орнатылған, қара тамақ найза сапқа сапталған шымқай ақ туды өз қолымен Жәнібекке ұсынады. Қазақ ханы Абылай берген осы ту, «Жәнібектің ақ туы» аталып, Жәнібектің қара шаңырғында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел аузында аңыз болып айтылып, халық қастерлеп, табынатын қасиетті мұра, сиынатын киелі байырақ болып, темірмен қапталған ағаш сандыққа салынып сақталған. 1940 жылдардан басталған Алтайдағы ұлт азаттық қозғалысында Оспан, Сұлубай, Сүлеймен, Нұрқожай батырлар алып шығып жауға шапқан. Ұрпақтары қолында 1958 жылға дейін сақталып келген ақ ту Қытайдағы саясый өзгеріс кезінде белсенділер жағынан барымталанып жоғалады. Сол тудың тұғыры болған қара сандық, көненің көзі, тарихтың сөзі боп Қытайдағы Алтай аймағы Шіңгіл ауданындағы Сағдат Мырзахметұлының (Жәнібек бабаның 7 ұрпағы) қолында сақталып келеді.

Қарасандықтың кілті

Бабаның қара сандығы,

Өткен бір тарих қалдығы.

Қарайын саған анықтап,

Тұрма екен қазақ хандығы?

Мұрасыз еткен сандықты,

Мұңлы күндердің жарлығы.

Салыпты сызат бетіне,

Санасыз пенде тарлығы.

Тұрғаның аман төл мұрам.

Текті ұрпақтардың барлығы!

Қара сандық

(Жәнібек бабаның ақ туы сақталған сандыққа)

Қай мұңымды айтайын қара сандық?

Биік едік, өр едік, аласардық.

Айырып ақ туыңынан, мұра, аманат,

Саған сызат, жүрекке жара салдық!

Жоғалған асқақтығым тумен бірге,

Қалым жоқ, тышқан мұрнын қанатарлық!

Енді батыр тумайды тұл ғасырлар,

Жайлаған жүрексіздік, сана тарлық!

Жәнібек, Жәнібек деп ұрандайын!

Елім ұйықтап, кетті ғой дала қалғып.

Көкбөрі ұлып, көк дөнен кісінемей,

Бассыз болып барады бала барлық.

Жақыным да азайды бірге туған,

Жатырынан көргесін ана тарлық!

Қанағат, иман, иба, қайырым жоқ,

Жөні бар ел еңіреп, хан азарлық.

Қайтейін құлыбыңдай берік едік,

Босатты, болбыратты данасы аздық.

Кең жайлау құлазыды елім кетіп,

Белдеусіз, бетпақ жерге қала салдық.

Әркімнің ойнағына болды айналып,

Басынан құс ұшырмас қара саздық.

Ықыласы әуелде түскен Алла,

Туып еді-ау, далаға жарасар қып.

Жоғым түгіл, бұл күнде барыма да,

Кешір баба, шама жоқ, таласарлық!

Қара жартас тыңдарма дәтімізді?

Сен мұрасыз, мен мұңлы қара сандық.

Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ 

6alash

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*