Қалың қытай арасынан шықса да, қазағына сыймады! Әйгілі боксшы Қанат Исламның есімін естісе елең етпейтін жан жоқ бұл күнде. Туған елден жырақта туып өскен спортшы ұлттық құрамадан бір орын табылмай, қайтадан шетелге кетуге мәжбүр болған-ды. Бірақ қазақтың туын әлемдік ареналарда желбіретсем деген арманынан бас тартқан емес.