Жаңалықтар

“ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ АГРОӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫНЫҢ” ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

“Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы” заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы Орталық Кеңестің төрағасы Игбаев Асылхан Жұмайбайұлы ұсынысы бойынша “Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы” президентінің міндетін атқарушы болып Әбубәкіров Серік Абдулахметұлы, ал қауымдастықтың қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті лауазымына Ақан Толқын тағайындалды.

Серік Әбубәкіров ІІМ Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің бастығы, “Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы” заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

Ақан Толқын 20 жыл бойы Қытай Республикасында клиникада дәрігер және диспансер меңгерушісі болды.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Астана қаласында “Баккелді-2012” ЖШС директоры және бас дәрігері болып қызмет атқарды.  2013 жылдан бастап Халықаралық Экология академиясының академигі.

Айта кетейік, “Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы “(НППК) 2009 жылдың қыркүйегінде Фермерлік қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы мен “Қазақстанның Агросоюзі” ұйымы негізінде құрылды. Қауымдастықтың басты мақсаты – палата мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, орталық, жергілікті атқарушы органдар мен агробизнес арасында диалог ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірыңғай іс-қимыл стратегиясын әзірлеу.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*