Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық қазақ боксшы қыз Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанды.
Ол бүгін жартылай финалдық кездесуін ресейлік Валерина Линовамен өткізіп, 5:0 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін украиналық Дарья-Ольга Гутаринаны және Қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды жеңіп, жартылай финалға өткен болатын.
Сонымен қатар, Моңғолия құрамасының сапында 69 келі салмақ дәрежесінде 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Жандос Асқарұлы бар. Тағы бір қандасымыз Еркін Жамантайұлы осы чемпионатта моңғолиялық бапкерлер құрамында жұмыс істеп жүр.